АБ № 2 емтихан сессиясын өткізу және дипломдық жұмыстарды қорғау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

АБ № 2 емтихан сессиясын өткізу және дипломдық жұмыстарды қорғау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар


27.04.2021 Барлық жаңалықтар


Еліміздің жетекші университеті студенттерінің назарына!

26 сәуірде Microsoft Teams платформасында тікелей көрсетілім өтті, онда Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Владимирович Коньшин 2 АБ, емтихан сессиясын өткізу және дипломдық жұмыстарды қорғау туралы сұрақтарға жауап берді.

-2 АБ қалай өткізіледі? Өзгерістер бар ма?

-2 АБ тура 1 ҚР сияқты Platonus-та өткізілетін болады. Өзгерістер болмайды.

- 2 АБ қанша уақытқа созылады?

- 2 АБ 14 аптада 3-8 мамыр аралығында өтеді. Дәріс барысында пәндерді тапсыру өтеді.

- 2 АБ-да верификация және прокторинг бола ма?

- Жоқ. 2 АБ 1 АБ-ға ұқсас өтеді.

- Мұғалімдер сессияға автомат қоя ала ма? Емтиханды жазбай-ақ, қабылдау рейтингісі бойынша баға алу мүмкіндігі бола ма?

- Жоқ. Барлық студенттер емтихан сессиясын тапсырады.

- Келесі жылы біз оффлайн білім алуға көшеміз бе?

- Барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Министрліктің жаңалықтарын күтеміз.

- 4-курс бойынша мемлекеттік емтихан туралы ақпаратты нақтылаңызшы, ол болады ма? Тек ағымдағы пәндер бойынша сессия болады ма?

- 4-курс студенттері мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

- ҚР сессиясы қандай платформада өтеді?

- Емтихан сессиясы прокторингті қолдана отырып, Portal платформасында, ал АБ Platonus платформасында өтеді.

- Сәлеметсіз бе, АБ-да «Білім алушының тестілеу уақытын шектеу» опциясы қосылады ма?

- Иә, болады.

- Егер емтихан кезінде бала жыласа, мені шығарып жібереді ме? Онда дыбыс бойынша анықтайды ғой, балам кішкентай.

Басқа жаққа қарап қалсам, баллым төмендейді ме?

- Біздің университетте қолданылатын прокторинг жүйесі жақсы функцияға ие. Ол жүйе тұрғысынан сіздің ауытқуларыңыздың барлығын тіркеп отырады. Бұл жағдайлар операторларға көрінеді және, мысалы, емтиханда 3 студент отырып, біріне ешқандай ескерту жасалмағанын, ал басқа студент үнемі басқа жаққа қарап, алаңдайтынын көруге болады. Мұндай сәттер қатаң бекітіледі. Егер сіз басқа терезені ашсаңыз, басыңызды басқа жаққа бұрып, жаныңызда бөтен адамдар болса, экран өшірілсе – мұның бәрін проктор мен емтихан алушы қарастырады, содан кейін шешім қабылданады. Емтиханнан шығарып тастамайды.

- Сәлеметсіз бе, егер компьютер немесе ноутбук жоқ болса, сессияны тапсыра аламын ба?

- Қазір тәрбие жұмысы бөлімімен біздің студенттеріміздің қандай техникалық мүмкіндіктерге ие екендігі туралы сауалнама жүргізілуде. Егер сізде мүмкіндік жоқ болса, Сізге өзіңіздің эдвайзеріңіз бен институтыңызды хабардар ету қажет, сонда барлығы сіздің жағдайыңыз туралы хабардар болады. Содан кейін институттар қалаларыңыздағы жергілікті мектептермен, университеттермен байланыс орнатып, сізге бір сағатқа емтихан тапсыруға рұқсат сұрайды. Сессия 3,5 аптаға созылады, ал емтихандар тек 6-7 болады. Бір сағат ішінде сіз бұл мәселені шеше аласыз.

- Сәлеметсіз бе? Дипломдық жұмысты антиплагиатқа тапсыру мерзімі қандай? Антиплагиат онлайн форматта өтеді ме?

- Барлығы онлайн форматта өтеді. Сіз өз жұмысыңызды жібересіз, әрі қарай жұмыстарыңыз нормбақылау мен антиплагиаттан өтеді. Кету қағазы да онлайн толтырылады. Академиялық күнтізбеге сәйкес дипломдық жұмыстарды қорғау мерзімі 7-30 маусым аралығында. Қалған мерзімдерді бітіртуші кафедрадан нақтылау қажет.

- 4-курс. Диплом алдындағы қорғау қашан болады?

- Әрбір бітіртуші кафедра өз мерзімін белгілейді. Толық ақпарат алу үшін диплом жетекшісіне хабарласыңыз.

- Ал университетті бітіргеннен кейін грантты өтеу туралы не айтасыз? Диплом алғаннан кейін бірден жұмыс табу керек пе? Жұмысқа орналасудың қанша пайызы бар?

- Кемінде 3 жыл мерзімге еңбекпен өтеу мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар үшін міндетті шарт болып табылады. Магистратураға түсу кезінде жұмысты өтеу магистратурада оқу кезеңіне кейінге қалдырылады. Иә, диплом алғаннан кейін бірден жұмыс табу керек. Біздің университетте мансап орталығы жұмыс істейді, онда сіз көмек сұрай аласыз. Статистикаға сәйкес, АЭжБУ түлектерінің 95% университетті бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасады.

- 2-курс өндірістік практикадан қалай өтеді? Бұл коронавирусқа байланысты бола ма? Әлде онлайн ба?

- Өндірістік тәжірибе әдеттегідей өтеді. Сіздің қалаңызда тәжірибеден өту мүмкіндігі бар жерлерді нақтылау үшін Сіз кафедраға жүгінуіңіз керек. 3-курс студенттеріне тура солай.

- Университетте тәжірибе қалай өтеді?

- Егер сіз оқу тәжірибесін айтсаңыз, онда онлайн. Сізге тапсырманы және барлық қажетті ақпаратты сіздің бөліміңіздегі тәжірибе жетекшісі береді.

Трансляцияға сілтеме

ENERGO UNIVERSITY