2021 жылғы 28 сәуірде сағат 16:00-де АЭжБУ студенттері үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобында «ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ЖҰМЫС ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ» тақырыбында вебинар өтеді

2021 жылғы 28 сәуірде сағат 16:00-де АЭжБУ студенттері үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобында «ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ЖҰМЫС ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ» тақырыбында вебинар өтеді


27.04.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер мен түлектер, Сіздерді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобындағы «Ұлттық компаниялардағы жұмыс перспективалары және мансаптық мүмкіндіктері» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз.

Қазақстан жастарын дамыту бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына»  корпоративтік университетінің сарапшылары вебинарда АЭжБУ студенттеріне Қазақстанның жетекші ұлттық компаниялары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып береді.

Samruk Qyzmet жобасының жетекшісі, рекрутинг бойынша сарапшы Эльмира Сәлімова түлекке жұмысын қалай іздеу керек тақырыбында шеберлік сабағын өткізеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Зульфия Сембаева «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның мансаптық мүмкіндіктері мен үміткерлерді іріктеу кезіндегі нюанстар туралы айтып береді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Айжан Какенова Izbasar жас мамандарға арналған тағылымдама бағдарламасы туралы айтып береді.
Модератор:

Алмагүл Бекпауова – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Академиялық мәселелер департаментінің маманы

Спикерлер:

Эльмира Сәлімова – Рекрутинг бойынша сарапшы, «Самұрық-Қазына»  Корпоративтік университеті Samruk Qyzmet жобасының жетекшісі

Зульфия Сембаева – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адами ресурстарды  басқару департаментінің бас менеджері

Айжан Какенова – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адами ресурстарды  басқару департаментінің бас менеджері

Күні: 2021 жылғы 28 сәуір

Уақыты: 16: 00-18: 00⠀

Сілтеме

Конференция идентификаторы: 852 1260 3682

Кіру коды: 1

Анықтама: Самұрық-Қазына Корпоративтік университеті – Самұрық-ҚазынаSamruk Qyzmet қоры компаниялар тобының рекрутингінің бірыңғай онлайн платформасы  www.qsamruk.kz .

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыруға және экономиканы жаңғырту жөніндегі жұмыстарды іске асыруға бағытталған инвестициялық холдинг болып табылатын Қазақстанның ең ірі компанияларының бірі.

ENERGO UNIVERSITY