АЭжБУ ғалымдары, зерттеушілері, инженерлері жыл сайын көптеген пайдалы және қызықты әзірлемелер жасайды

АЭжБУ ғалымдары, зерттеушілері, инженерлері жыл сайын көптеген пайдалы және қызықты әзірлемелер жасайды


26.04.2021 Барлық жаңалықтар


26 сәуірде бүкіл әлем Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік (ЗМ) құқықтары инновациялар мен шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтып беруге мүмкіндік береді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (бұдан әрі - АЭжБУ) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Тек 2017-2021 жылдар аралығында оқытушылар 76 патентке ие болды, оның ішінде 7 Еуразиялық патент, 21 өнертабысқа патент және 26 пайдалы модельге патент, сондай-ақ 22 авторлық куәлік алды. Университет құрылған күннен бастап 400-ден астам зияткерлік меншік нысаны тіркелген.

2017 жылы университет «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін үкіметтік наградалармен марапатталды және академик Альберт Васильевич Болотовтың «Ұлы дала энергиясы «ҚазЖелҚуат-ВРТБ»; профессор Константин Самсонович Ивановтың «Жел қондырғысы генераторының өзін-өзі реттейтін жетегі» экспонаттарын ұсынды.

АЭжБУ-дағы ғылыми әзірлемелердің арқасында Қазақстан аумағында қуаты 2-ден 50 кВт-қа дейінгі Болотовтың жел роторлық турбинасы базасында 50-ден астам жел-күн кешенді энергетикалық жүйелері пайдаланылуда, сондай-ақ Қазақстанда ғылым академиясының профессоры Рахымжан Қабиұлы Орымбаевтың 200-ден астам су жылыту қазандықтары орнатылды.

АЭжБУ ғалымдары, зерттеушілері, инженерлері жылу энергетикасындағы инновациялық технологиялар, ақпараттық технологиялар, электр энергетикасы, телекоммуникация және ақпараттық қауіпсіздік салалары бойынша жыл сайын көптеген пайдалы және қызықты әзірлемелерді жасайды.

ENERGO UNIVERSITY