АЭжБУ «UNIVERSITY ALIANCE OF SCIENCE AND TECHNOLOGY» ЖОО АЛЬЯНСЫНА кірді

АЭжБУ «UNIVERSITY ALIANCE OF SCIENCE AND TECHNOLOGY»   ЖОО АЛЬЯНСЫНА кірді


28.04.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (бұдан әрі - АЭжБУ) әріптестік өзара қарым-қатынастар желісін (оның ішінде басқа да білім беру және ғылыми ұйымдармен) белсенді түрде құруда, бұл студенттерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ зерттеу құрамдасын күшейтуге және коммерцияландыру жөніндегі қызметті дамытуға мүмкіндік береді.

2021 жылғы 28 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында "University Aliance of Science and Technology" Жоғары оқу орындарының альянсы құрылды, оның құрамына бес жоғары оқу орны кірді: Astana IT University, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық бизнес университеті.

Альянсты құрудың мақсаты адами, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды шоғырландыру жолымен бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін интеграцияланған ғылыми-білім беру ортасын құру болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудың өзекті проблемаларын бірлесіп шешуге бағытталған жоғары оқу орындары арасындағы пәнаралық білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыруды көздейді.

ENERGO UNIVERSITY