«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасының 70 жылдығына құрмет көрсету

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ»  КеАҚ  Директорлар кеңесінің төрағасының  70  жылдығына құрмет көрсету


19.02.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 19 ақпанында ҚР Президентінің Әкімшілігі, қалалық әкімдік өкілдері, университет ректораты "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейді мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өкілі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.

"Өзіңізді отандастарымыз саяси-әкімшілік қызметте шыңдалған білікті басшы, қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, парасатты азамат ретінде жақсы біледі.

Сіздің табиғат байлығын қорғау, оны нарық экономикасы жағдайында тиімді әрі үнеммен пайдаланудың жолдары және геология саласын зерттеу туралы ғылыми еңбектеріңіз маңызды болып табылады. 

Алдағы уақытта қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, халқымыздың құрметіне бөлене беріңіз" – делінген құттықтауда.

Құрметті Серікбек Жүсіпбекұлы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды!

Қоғамның Директорлар кеңесін басқара отырып, Сіз университет дамуының стратегиялық бағытын инновациялар және шығармашылық әрі кәсіпкерлік бастамалардың өсуі, оның бәсекелестік артықшылықтарын күшейту жолдары бойынша бағыттай отырып, баға жетпес үлес қосудасыз.

Осы атаулы күні Сізге, құрметті Серікбек Жүсіпбекұлы, зор денсаулық, баянды бақыт және отбасылық амандық тілейміз! Сізге жақын жандар өмірге сенімді тірек болсын!

 

 

ENERGO UNIVERSITY