30.04.2021 Барлық жаңалықтар
Онлайн режимінде ТЭ19-4, ЭЭ20-16, АУу19-2 топтарының студенттерімен «Ұлттық дәстүрлер және ұлттық мерекелер» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар бізге халық мұрасын салт-дәстүрлерде қалдырған ата-бабалардың ұлылығын, ұрпақтардың тарихи байланысын бірауыздан атап өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барлық қазақстандықтарға арналған, бірақ негізгі процесс жастарға бағытталған, яғни оларды мемлекет тағдыры үшін жауапкершілікті алуға, ұлттық мәдени-генетикалық кодты зерттеуге және сақтауға, өткен мен болашақ арасындағы рухани байланысты нығайтуға ынталандыруға бағытталған. Жастарды тәрбиелеу рухани-мәдени дәстүрлерді сақтауда, жандандыруда және дамытуда маңызды орын алады.
Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Алтынай Тулеуовна Мұхамбедьярованың айтуынша, ұлттық қазына бізді рухани жағынан байытып қана қоймай, бір-біріміздің мәдениетімізге деген төзімділік пен құрметке үйретеді. Қазақ халқының менталитетіне тән толеранттылық бүгінгі таңда өзінің ерекше мәні мен мағынасына ие болып отыр. Ұлттық дәстүрлер мен ұлттық мерекелерді сақтау – бұл отбасы тұрақтылығы, жалпы қоғам тұрақтылығының кепілі. Кездесу студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
ТЭ19-4 тобының студенттері Д. Анхаев, Д. Асылханов, Н. Мамырхан баяндамаларымен сөз сөйледі. Доцент Гульнар Дмитриевна Шаракпаеваның пікірінше, ұлттық және мәдени мұраны сақтау және одан әрі дамыту – әлемдік мәдени кеңістікке кірудің қажетті шарттарының бірі. Білім беру жүйесі рухани-мәдени дәстүрлерді сақтауда, жандандыруда және дамытуда маңызды орын алады.
Кездесуді қорытындылай келе, Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Дина Серікбекқызы Орынбекова ұлттың мәдени және ұлттық мұрасы – біздің ортақ игілігіміз, ал ең алдымен болашақ ұрпақтың игілігі екенін атап өтті. Жастарды басқа халықтардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеу рухында тәрбиелеу – байлықты сақтаудың кепілі.
Сондықтан біз энергетика және байланыс саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындап қана қоймай, жастарды адамгершілік және рухани жағынан тәрбиелеуге тиіспіз, өйткені рухани бай адам ғана өз халқының мәдени мұрасын бағалап, арттыра алады. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде біз ұлттық және мәдени құндылықтарымызды дәріптеуге, жастарымызды патриотизм және рухани құндылықтарды сақтау рухында тәрбиелеуге ұмтыламыз. Бүгінгі таңда жастардың өз халқының рухани құндылықтарымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен терең танысу қажеттілігі ерекше сезіледі.
Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқылы сананы жаңғыртудың, өзіндік ұлттық этникалық кодты сақтаудың басты шарттарының бірі саналатын ұрпақтар байланысы қалыптасады, оның іргетасы –патриотизм.
Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры А.Т. Мухамбедьярова