Өндірістік жылутехнологиялар кафедрасында зертханалық эксперименталды стендтер жасауға тапсырыстар қабылданады

Өндірістік жылутехнологиялар кафедрасында зертханалық эксперименталды стендтер жасауға тапсырыстар қабылданады


20.02.2020 Барлық жаңалықтар


Жылу энергетика және жылу техника институтының Өнеркәсіптік жылутехнологиясы кафедрасында кафедра меңгерушісі Е.С. Умбетовтің жетекшілігімен зертханалық эксперименталдық стендтер жасау, бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу пәндері бойынша зертханалық базаны жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.  

Қазіргі уақытта химия курсы бойынша «Энерготасымалдағыштарды өндіру және тарату жүйелері», сондай-ақ "Қатты отынды ұнтақтау процестерін зерттеу қондырғылары. Көмір тозаңының сапалық сипаттамалары анықтау» пәндері бойынша стендтер дайындалып, оларды енгізу актілері алынды.

Кафедрада оқу пәндері бойынша, сондай-ақ ғалымдардың, оқытушылардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зертханалық эксперименталдық стендтерді дайындауға тапсырыстар қабылданады.

ENERGO UNIVERSITY