11.05.2021 Барлық жаңалықтар
«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық бөлімшесінің «АЭжБУ» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Кәсіподақ комитетінің өкілдері «Қамқор» әлеуметтік үйі КММ-де болып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларын Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
Әлеуметтік үйде 51 адам тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының бір ардагері С.Ф. Загородников және еңбек майданының 25 қатысушысы:В.С. Коновалова, Н.И. Заварихина, Т.А. Косинова, В.А. Калиногорский, А. Айтмурзаев, Л.А. Седых, Г.М. Черных, М.А. Коваленко, Р.Н. Хуснутдинова, Ф.Н. Дмитриев, А.В. Крючкова, Л.С. Григорьева, Н.В. Жгилев, М.П. Скорнякова, Н.М. Зорина, Е.И. Ивлева, В.А. Ястремская, Н.В. Тузовский, М.В. Овчаренко, М.В. Кашиченкова, А.И. Антропова, Л.К. Дьяченко, А.Т. Дудко, Е.В. Белов.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры, профессор Сауле Советовна Сагинтаеваның атынан ардагерлеріміз бен еңбек майданының қатысушыларына құттықтау хаттар табыс етіліп, Жеңіс күніне арналған құттықтаулар айтылды! Сондай-ақ, партия ұйымы мен университеттің кәсіподақ комитеті азық-түлік жиынтығын табыс етті.
Ардагерлерімізді және еңбек майданының қатысушыларын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ең сұрапыл соғыстардың майдан даласында соғысқан, тылда еңбек етіп, жеңіс қаруын жасағандарға үлкен құрметпен бас иеміз!
«Нұр Отан» партиясы
Бостандық аудандық бөлімшесінің «АЭжБУ» БКҰ төрағасы,
с.ғ.д., Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры
А.Т. Мухамбедьярова