Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Информатика» ББ «Атамекен» ҰКП жыл сайынғы рейтингінде бірінші орын алды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «Информатика» ББ «Атамекен» ҰКП жыл сайынғы рейтингінде бірінші орын алды


28.05.2021 Барлық жаңалықтар


«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы түлектерді жұмысқа орналастыру және ББ сапасы туралы деректерді негізге ала отырып, 2018 жылдан бастап білім беру бағдарламаларының рейтингін шығарады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті ҰКП мен Білім министрлігінің бағалауы бойынша жыл сайын алдыңғы қатарда келеді. Негізгі критерийлер: түлектердің мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері.

2020 жылғы рейтинг бойынша «Информатика» ББ бірінші орынды, «Аспап жасау» ББ және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» ББ үшінші орынды, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» ББ бесінші орынды иеленді. ББ деректері бойынша түлектердің жалақысы 109 785 теңгеден басталады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде оқыту бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының 10 тобы, магистратура ББ 8 тобы және докторантура ББ 6 тобы бойынша жүргізіледі, олардың ішінде:

В057-Ақпараттық технологиялар

В058-Ақпараттық қауіпсіздік

В059-Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

В063-Электр техника және автоматтандыру

В064-Механика және металл өңдеу

В067-Әуе көлігі және технология

В183-Агроинженерия

В094- Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

В062-Электр техника және энергетика

В162-Жылу энергетикасы

ENERGO UNIVERSITY