2021 жылғы 26 мамырда Киев қаласында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен И. Сикорский атындағы Киев ұлттық политехникалық институты арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 26 мамырда Киев қаласында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен И. Сикорский атындағы Киев ұлттық политехникалық институты арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды


27.05.2021 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваның КПИ Ғылыми кеңесінің басшысы,  академик Михаил Ильченкомен кездесуі барысында келісімге қол жеткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Танбай, Украинаның халық депутаты, Украина Жоғарғы Радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыстар жөніндегі депутаттық тобының мүшесі С.В. Нагорняк қатысты.

Игорь Сикорский атындағы КПИ – Еуропадағы ең ірі оқу орындарының бірі. Онда шамамен 25 000 студент, аспиранттар және докторанттар оқиды. Қол қойылған меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: ғылыми ақпаратпен және жарияланымдармен алмасу; бірлескен ғылыми іс-шараларға қатысу; өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша екі жақты семинарлар, симпозиумдар, конференциялар мен іс-шаралар ұйымдастыру.

Тараптар білім беру бағдарламаларын бірлесіп дайындауды, оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуын, сондай-ақ энергетика, телекоммуникация және ғарыш технологиялары саласындағы ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан делегациясы КПИ-да

ҚР Украинадағы Елшілігінен алғыс хат 

ENERGO UNIVERSITY