ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ


27.05.2021 Барлық жаңалықтар


Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.

Қазақстандағы ашаршылық кезеңдерін ғылыми зерттеу, оның құрбандарын анықтау – бірінші кезектегі маңызды міндет. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін «Қазақстандағы ашаршылық: жаңа деректер мен түсініктер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізумен атап өтті. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Әлеуметтік пәндер кафедрасы.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан тарихының кеңестік кезеңінде орын алған ашаршылық тақырыбын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау. Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО-ның оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар, аспиранттар мен магистранттар шақырылды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Қазақстандағы ашаршылықты түсіндірудегі даулы мәселелер: қазіргі зерттеулер мен көзқарастар, жаңа бағыттар, сондай-ақ ашаршылық мәселесін зерттеудің дереккөзтанушылық базасы.

Конференция қатысушыларына «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ректоры, ф-м.ғ.к., экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Сауле Саветовна Сагинтаева, сондай-ақ Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Қапанұлы Махмутов құттықтау сөз сөйледі. Атап айтқанда, бұл іс-шара тарих ғылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады, еліміздің түрлі өңірлері мен таяу шетелдердің жас және тәжірибелі ғалымдары арасында пікір алмасуға ықпал етеді, ғылым мен практика арасындағы байланысты қолдайды.

Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік көрнекті ғалымдар, тарихшылар қатысты.

Конференция барысында келесі өзекті мәселелер мен тақырыптар көтеріліп, талқыланды: «Прибытие казахов в Кыргызстан в период коллективизации»; «Қазақстан тарихы» көптомдылығының методологиялық ұстанымы»; «Қазақтандағы аштық: жаңа деректер мен ұстанымдар»; «Ашаршылықтың қазақтың сан ғасырлық көшпенді мәдениетіне кері салдары»; «Ұлы Даладағы  ұлы апат»; «1921-22 жж. Қазақстандағы аштық және оған қарсы күрес тарихынан»; “New Perspectives on the Kazakh famine: What Can We Learn from Famine Testimonies?”; «Исторические сведения о вкладе кыргызстанцев в спасении голодающих казахстанцев 1921–1933 годы»;  «Концептуальные подходы к проблеме голода в СССР»; «Аграрная политика в период маловодья и засухи в Каракалпакстане»; «Халық комиссариаты құжаттарындағы 1931-1933 жж. аштық қасіреті».

Конференцияны өткізу ғылыми-практикалық саладағы маңызды және елеулі оқиға болып табылады және белгіленген тақырыптың ғылыми зерттеу процесін жақсартуға үлес қосады, одан әрі жемісті жұмыс үшін ынталандыру болып табылады.

Саясат.ғ.д., Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры А.Т. Мухамбедьярова

Мақаланың толық нұсқасы сілтеме бойынша

ENERGO UNIVERSITY