08.07.2021 Барлық жаңалықтар
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдау 13 шілдеден 20 шілдеге дейін Электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет бойынша өтінім беру жөніндегі нұсқаулықпен мына жерде (нұсқаулықты жүктеуге арналған сілтеме) таныса аласыз.
Қызметті онлайн алу
- Порталда тіркелуден өтіп, «Қызметті онлайн сұрату» батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-құпиясөз көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы керек).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қажетті құжаттар:
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;
- білімі туралы құжаттың электрондық нұсқасы;
- 3х4 көлеміндегі цифрлық фото;
- дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы қорытындысының электрондық нұсқасы;
- «Елбасы медалі» ерекшелік белгісін тапсыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі, Халықаралық дипломның электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
- көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).
- Ағылшын тілінен халықаралық сертификат (TOEFL ITP,TOEFL iBT, TOEFL, IELTS) (бар болған жағдайда);
- Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, (екінші және үшінші дәрежелі) ағымдағы оқу жылында таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда;
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық берілгенін растайтын құжаттар мен квотаны қосымша береді.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар келесі құжаттардың бірін ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат болмаған жағдайда):
- еңбек кітапшасының электронды көшірмесі;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызмет тізімінің электронды көшірмесі (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың электронды көшірмесі;
- мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартының электронды көшірмесі;
- еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электронды көшірмесі;
- жұмыскерлерге жалақы беру ведомосынан үзіндінің электронды көшірмесі.
Онлайн-кеңес алу үшін байланыстар:
+7-708-5517701, +7-707-6006493, call-center: +7-727-323117