Алматыда жаңа қаулы: жосықсыз қатысушылар Ashyq-тан шығарылады

Алматыда жаңа қаулы: жосықсыз қатысушылар Ashyq-тан шығарылады


26.07.2021 Барлық жаңалықтар


Алматыда коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты шектеу шаралары тағы да күшейтілді. Бүгін, 23 шілдеде Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаулы бойынша, Ashyq жобасын іске асыру жалғасады. Жобаға сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларын, дәріханаларды, ПТР зертханаларын және басқа да шағын орта бизнес нысандарын қосу тапсырылды. 

Сондай-ақ, Ashyq жобасына ерікті қатысушылар туралы ақпарат орналасады екен.  

Бекшин мониторингтік топтардың әлеуметтік-экономикалық нысандарға оның ішінде Ashyq жобасына қатысушыларға бақылауды күйшейтуді де тапсырыпты. Ал жосықсыз қатысушылар жобадан шығарып тасталады екен. 

Қаулы бойынша, қоғамдық орындар мен нысандарға бару кезінде, қоғамдық көлікте жүру кезінде, сондай-ақ, қоғамдық орындарда ашық аспан астында халықтың бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және антисептикитерді пайдалану жөніндегі талаптары сақталуы тиіс. 

Ал көкке шыққысы келетіндер 15 адамнан аспауы керек және бетперде тағу режимін сақтауы керек.  

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар. 

kaz.tengrinews.kz  материалдары бойынша / / Алматыда жаңа қаулы: жосықсыз қатысушылар Ashyq-тан шығарылады / / Авторы: kaz.tengrinews.kz - 2021-шілде 23.

ENERGO UNIVERSITY