АЭжБУ 8D07103 "АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ" ДОКТОРАНТУРАСЫ – ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ӨСУ ҮШІН СЕНІМДІ ТРАМПЛИН

АЭжБУ 8D07103


26.07.2021 Барлық жаңалықтар


"Автоматтандыру және басқару" докторантурасының білім беру бағдарламасына Қазақстан бойынша 2021 жылы 20 грант бөлінді. Оның 6-ы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне(АЭжБУ). 

АЭжБУ-ға сияқты 6 орын саны Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне берілді, бірақ олардың 3-і – мақсатты. Басқа ұлттық жоғары оқу орындарына келетін болсақ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ "Автоматтандыру және басқару" докторантурасы 3 грант алды, оның 1-і мақсатты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – 2 грант, оның 1-і мақсатты. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 8D07103 – "Автоматтандыру және басқару" докторантурасының ерекшелігі неде? 

 I. Оқу бағдарламасы әртүрлі елдердің беделді ғалымдарымен және қазіргі заманғы автоматтандыру және басқару жүйелерін әзірлейтін атақты әлемдік компаниялардың өкілдерімен талқылау нәтижесінде құрылды. АЭжБУ докторантурасының білім беру бағдарламасына енген пәндер – "Автоматтандыру және басқару" ғылыми зерттеулер тұрғысынан да, өндірісте практикалық іске асыру тұрғысынан да маңызды. Бағдарламаның жоғары оқу орны компонентіне "Өндірістік және бизнес-процестерді басқарудың MES және ERP-жүйелері" және "Сараптамалық жүйелер және жасанды интеллект әдістері" пәндері кірді. Сондай-ақ, докторанттарға "Үлкен деректерді өңдеу және талдау" немесе "Big Data өңдеу, басқару және сақтау" және "Динамикалық процестерді зерттеудің математикалық үлгілері мен әдістері" немесе "Басқару жүйелерінің математикалық құралдары" сияқты таңдау бойынша ғылыми-зерттеу қызметі үшін өзекті пәндер ұсынылады. 

II. АЭжБУ докторантурасында "Автоматтандыру және басқару" сабағын ғылыми әзірлемелерді жасау мен енгізудің бай тәжірибесіне ие профессорлар – техника ғылымдарының докторы Ирбулат Туремуратович Утепбергенов, техника ғылымдарының кандидаттары Акшолпан Ауелбековна Копесбаева,  Сарсенбек Сейтбекович Жусупбеков және басқалар өткізеді. Қазіргі таңда АЭжБУ-да "Автоматтандыру және басқару" бойынша диссертациялық кеңес ашу үшін құжаттарды тапсыру жұмыстары аяқталуда. 

III. Осы мамандықтың докторанттары әртүрлі елдер мен университеттерде ғылыми тағылымдамадан өте алады. АЭжБУ Германия, Жапония, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Португалия, Украина, Үндістан, Ресей, Италия, Испания, Беларусь, Швеция, Польша, Болгария және т.б. елдердің университеттерімен әріптестік қарым-қатынаста. Осы мемлекеттердің беделді ғалымдары АЭжБУ докторанттарының диссертациялық жұмыстарына шетелдік ғылыми кеңес берушілер ретінде қатысуға дайын. 

IV. АЭжБУ 8D07103 – "Автоматтандыру және басқару" докторантурасының білім беру бағдарламасын дамытудың стратегиялық бағыты автоматтандыру жүйелері мен құралдарының әлемге әйгілі өндірушілерімен ынтымақтастық болып табылады. Француздық Schneider Electric компаниясы "Өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша құзыреттілік орталығын" құрды. Siemens компаниясымен көп жылғы ынтымақтастықтың нәтижесі "Оқыту және біліктілікті арттыру орталығының" ашылуы болды.  Американдық Honeywell корпорациясының жабдықтарымен және бағдарламалық жасақтамасымен "Басқару жүйелерін жобалау және енгізу бойынша оқу-зерттеу орталығы" жабдықталған. Ал National Instruments компаниясының әзірлемелері негізінде "Ғылыми зерттеулерді өлшеу және автоматтандыру орталығы" құрылды. "Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері зертханасы"  үшін стендтер мен бағдарламалық өнімдерді ресейлік "Торнадо" модульдік жүйелері компаниясы жеткізді. Зерттеу процесіне техниканың заманауи жетістіктері мен жаңа бағдарламалық әзірлемелерді енгізу АЭжБУ докторанттарының еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз. 

Осылайша, 8D07103  – "Автоматтандыру және басқару" докторантурасының білім беру бағдарламасы өз докторанттарының ғылыми және мансаптық өсуі үшін барлық қажетті жағдайларға ие! 

"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы 

   

   

ENERGO UNIVERSITY