27.08.2021 Барлық жаңалықтар
Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыға сәйкес:
Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес ныснадары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін.
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының "көшбасшылары" үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын.
Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда Алматы қаласында карантин шараларды жеңілдету тиісінше биыл 4 және 6 қыркүйектен басталсын.
Толық мәтінін мына сілтемеден көре аласыз.
Tengrinews.kz материалдар бойынша // Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты //Автор: Tengrinews.kz -2021-27 тамыз.