27.08.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 27 тамызында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Индустрия 4.0» құзыреттілік орталығының жұмысымен танысу, «Smart power grid» ғылыми -техникалық орталығы (технологиялық жаңғырту және энергетика саласының инновациялық дамуы) қызметінің нәтижелері және АЭжБУ-дің Techgarden индустриалды даму орталығымен коллаборациясы бойынша ұсыныстарды тыңдау мақсатында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне сапармен келді.
Университет ректоры, профессор Сәуле Сағынтаеваның құттықтау сөзінен кейін қонақтарға «Индустрия 4.0» құзыреттілік орталығында орналасқан бірқатар жоғары технологиялық зертханалар таныстырылды. Орталықтың жұмысы жөнінде Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Қуаныш Алипбаев пен Автоматтандыру және басқару кафедрасының меңгерушісі Игорь Федоренко баяндады.
Министр әр зертханаға байланысты сұрақтарын қойып, өз көзқарасымен бөлісті.
Кездесудің негізгі бөлігінде Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Саухимов «Smart power grid» ғылыми-техникалық орталығының жұмыс нәтижесі және алдағы жоспарлары бойынша баяндама жасады.
«Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластерлік қорының бас директоры Асқар Сембин жетекші жоғары оқу орындарымен, IT -компаниялармен ынтымақтастық орнату және меморандумдар жасау, Индустрия 4.0 және SIMP технологиялық платформасы саласында құзыреттілікті дамыту бойынша сөз сөйледі. Жол картасын қалыптастыру бойынша өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары мен тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері атап көрсетілді:
- индустрия 4.0 жобаларын іске асыру мақсатында энергетикалық сала кәсіпорындарының кадрларын оқыту және біліктілігін арттыру;
- жер қойнауын пайдаланушылардың инновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша міндеттемелері шеңберінде ҒЗТКЖ үшін 1% жобаларды іске асыру;
- электр энергетикасы және / немесе онымен байланысты салаларда Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша пилоттық корпоративтік инновациялық жобаларды әзірлеу және бірлесіп енгізу.
Кездесудің қорытындысы бойынша министр Бағдат Мусин Алматы энергетика және байланыс университетінің қазақстандық өндірісте SCADA жүйесін әзірлеу, салалық технологиялық құзыреттілік орталықтарының мәртебесі мен мүмкіндіктерін анықтау, атап айтқанда, болашақтың бейнесін және саланың тұжырымдылық дамуына арналған бағдарлар қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қолдады.