Жеке жауапкершілік туралы ұмытпаңыз

Жеке жауапкершілік туралы ұмытпаңыз


07.09.2021 Барлық жаңалықтар


Дүниежүзілік пандемия бірқатар қатаң дағдарысқа қарсы шаралармен бірге білім беру жүйесіне (күндізгі бөлім) де шектеулер енгізді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да 2020-2021 оқу жылында оқыту қашықтықтан өтті.

Халықты вакцинациялау, карантин және басқа шаралар жағдайды жақсартуға және дәстүрлі оқыту әдістеріне оралуға мүмкіндік берді.

Алайда, қауіпті қызыл аймаққа оның толық шектеулерімен қайта оралу қаупі бар. Тек вакцинация бұл қауіпті тоқтата алады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ университеттің егуден өтпеген оқытушыларына және басқа да жұмыскерлеріне жұмыс орындарына рұқсатты тоқтата отырып, сондай-ақ қауіпсіз, жасыл немесе көк мәртебесі жоқ білім алушыларды оқу орнына жібермеу арқылы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын мұқият және толық көлемде орындайды.  

Вакцинация – бұл COVID-19 ауыр зардаптарынан аулақ болудың жолы ғана емес, сонымен қатар басқалардың тағдыры үшін жеке жауапкершілік.

* 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысы (үзінділер):

- педагогтар мен қызметкерлердің 100 пайыздық вакцинациясы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);

- ұйымға кіруге арналған Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жаста оқитын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу;

- бетперде режимін сақтау;

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін жүргізбеу;

Бұл ретте шетелдік студенттер тұратын елдің уәкілетті органы вакцинация анықтамасымен/төлқұжатымен растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған кезде, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған кезде күндізгі оқу форматына жіберілетін болады.

Колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір лек тобының 30 пайыздан астамы тіркелген жағдайда – лек 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады.

Қаулының толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY