Сбербанк пен АЭжБУ бірлесіп дарынды жастардың бастамасын қолдау аясында – Sber Data School жобасын іске асыруда

Сбербанк пен  АЭжБУ бірлесіп дарынды жастардың бастамасын қолдау аясында – Sber Data School жобасын іске асыруда


30.09.2021 Барлық жаңалықтар


Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктерді ашады!

Қ.К.Тоқаев «Қазақстан халқына жолдауында IT-секторы мен заманауи сандық технологиялардың трансфертін дамыту және қолдау» маңыздылығын атап өткен болатын.

Осы орайда, Сбербанк пен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ бірлесіп дарынды жастардың бастамасын қолдау аясында – Sber Data School жобасын іске асыруда.

«Data engineering» бойынша тегін дәріс сабақтары 2021 жылдың қазан айында басталмақ.

Дәріс сабақтарының көмегімен жұмыс үдерісін, өңдеу конвейерін және ETL-үдерісін басқару және т.б. салалардың есебін шешуге бағытталған жоғары деңгейдегі IT-мамандары даярланады.

Сілтемеден өтіп, дәріс сабақтарына қатысу үшін тестілеуден өтіңіз!

«Data engineering» дәріс сабақтары:

Екі бөлімнен тұрады:

1. SQL, ETL-технологиясымен танысу, Qlik Sense визуализациясының BI-құралы.

2. Qlik Sense-ті тереңдетіп оқыту, Informatica PowerCenter ETL-құралы, BigData-мен жұмыс істеу.

• Дәріс сабақтарының бірінші бөлімін тиянақты меңгеріп, тестілеуден жоғары балл жинаған студенттер, екінші бөлімге жолдама алады.

• Екінші бөлімнің нәтижесі бойынша үздік атанған студенттер Сбербанк қызметкері болуға ұсынылады.

Дәріс сабақтарын өткізіп алмаңыз, өз дағдыларыңызды дамытып, Сбербанк командасына қосылыңыз!

Құрметпен, «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы.