БАКБЕРГЕН ИБАДИЛЛАЕВИЧ ТУЗЕЛБАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

БАКБЕРГЕН ИБАДИЛЛАЕВИЧ ТУЗЕЛБАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


19.10.2021 Барлық жаңалықтар


БАКБЕРГЕН ИБАДИЛЛАЕВИЧ ТУЗЕЛБАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19 қазан күні өзінің 50 жылдық мерейтойын Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті Бакберген Ибадиллаевич Тузелбаев атап өтеді.

1994 жылы Б.И. Тузелбаев Алматы энергетикалық институтын «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша үздік бітірді. Институтты бітіргеннен кейін «Инженерлік кибернетика» кафедрасында тағылымгер-зерттеуші болып жұмыс істеді.

1995 жылы «Энергетикадағы экономика және жоспарлау» мамандығы бойынша Азия технологиялық институтының магистратурасына түсті.

1996 жылы магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алып, институтқа оралды. 1997 жылдан 2000 жылға дейін АЭжБИ жанындағы «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша күндізгі аспирантурада оқыды.

2000 жылдан бастап Б.И. Тузелбаев Алматы энергетика және байланыс институтының «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасында жұмыс істеді.

2002 жылғы қыркүйек-қазан аралығында Қытайда және 2010-2011 жылдары Италияда біліктілігін арттырды.

2006 жылы Бакберген Ибадиллаевичке ҚР БҒМ Экономика институты жанындағы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2010 жылы ҚР БҒМ БҒСБК шешімімен Б.И. Тузелбаевқа «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Б.И. Тузелбаев Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасында доцент болып жұмыс істейді. Қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді. Теориялық білім мен практикалық дайындықтың жоғары деңгейіне ие. Үнемі оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін арттырумен айналысады. Ұжымда құрмет пен сенімге ие.

Жұмыс барысында ол өзін білікті, атқарушы, адал қызметкер, өз біліктілігін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істейтін тұлға ретінде көрсетті. Б.И. Тузелбаев дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтарды жақсы ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Б.И. Тузелбаевтың фотосуреті «АЭжБИ үздік қызметкерлері» тақтасына орналастырылды.

Б.И. Тузелбаев Ақпараттық технологиялар және тарифтік саясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысады, ғылыми-теориялық деңгейін үнемі арттырып отырады. Монополиялық субъект бойынша тарифтік саясатты әзірлеуге қатысты. Ұлттық және аймақтық желілерде тариф құру әдістері бойынша авторлардың бірі болып табылады.

TEMPUS және ERASMUS+ халықаралық бағдарламалары аясында «Энергетика және тұрақты даму», «Инженерлік істегі кәсіпкерлік» мамандықтары бойынша жаңа білім беру магистрлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.

Ол әзірлеуге қатысқан бағдарламалық-әдістемелік кешендер АЭжБУ оқу бағдарламаларының каталогына кірді.

Б.И. Тузелбаев түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. 40-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс, дарынды оқушыларды, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді!

Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

ENERGO UNIVERSITY