Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды жұмысқа жіберудің міндетті шарты ретінде бекітті

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды жұмысқа жіберудің міндетті шарты ретінде бекітті


08.10.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде немесе объектілерде COVID-19-дың таралуына жол бермеу шаралары туралы айтылатын 49-тармақ келесі тармақшамен толықтырылды: тізбесін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған ұйымдардың қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберу рұқсат етілсін.

Бұдан басқа, тізбесін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілеген ұйымдарда/объектілерде міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамда медициналық анықтама болған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуге  рұқсат етіледі деп көрсетілген. 

Бұйрық 2021 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Zakon.kz материалдары бойынша / / Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды жұмысқа жіберудің міндетті шарты ретінде бекітті / / Дереккөз: Zakon.kz-2021- 8 қазан.

ENERGO UNIVERSITY