УЛЖАМИЛЯ БИБАТЫРОВНА СЕРИКБАЕВАНЫ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

УЛЖАМИЛЯ БИБАТЫРОВНА СЕРИКБАЕВАНЫ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

01.10.2021 Барлық жаңалықтар


29 қазан күні 75 жылдық мерейтойын филология ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Тіл білімдері кафедрасының доценті Улжамиля Бибатыровна Серикбаева атап өтуде.

Улжамиля Бибатыровна Серикбаева 1968 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітіріп, оған «Ағылшын тілі мұғалімі» біліктілігі берілді.

Улжамиля Бибатыровна Нархоз университетінде педагогикалық қызметін 1975 жылы бастап, көп жылдар бойы «Шет тілдері» кафедрасында жұмыс істеді.

2003 жылы «Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түстер мағыналарының этнолингвистикалық сипаттамасы» тақырыбында диссертация қорғады.

2007 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен Улжамиля Бибатыровнаға «доцент» ғылыми атағы берілді.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «АЭжБУ» КеАҚ Тіл білімдері кафедрасында доцент болып жұмыс істейді.

Улжамиля Бибатыровнаның 70-тен астам ғылыми мақалалары бар, оның ішінде «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердегі түс белгілерін этнолингвистикалық зерттеу» монографиясы, биржалық терминдердің ағылшын-орыс-қазақ түсіндірме сөздігі. Ғылыми мақалалар техникалық аударма мәселелеріне және техникалық ЖОО-да шет тілдерін оқыту әдістемесіне арналған. Улжамиля Бибатыровна отандық және шетелдік халықаралық конференцияларда (Вена, Мадрид, Берлин, Брюссель) баяндама жасайды.

Улжамиля Бибатыровна  «Шет тілі», «Кәсіби-бағытталған шет тілі» пәндерінің әдістемелік қамтамасыз ету картасының негізгі тізіміне енгізілген оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды құрастырушы болып табылады.

Улжамиля Бибатыровна  университеттің тәрбиелік іс-шараларына да, студенттік жатақханаларға да белсенді қатысады («Ғарыш күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні»), театрларға, мұражайларға студенттерді апаруды ұйымдастырады.

У.Б. Серикбаева студенттер мен әріптестер арасында құрметке ие. Тәлімгерлер кеңесін басқара отырып, жас оқытушылар үшін үлгі болып табылады.

У.Б. Серикбаеваның еңбек қызметі ЖОО басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды, 2020 жылы университетке ұзақ жылдар бойы адалдығы, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, университеттің имиджін және беделін нығайту бойынша жігерлі және жанқиярлық еңбегі үшін АЭжБУ КеАҚ ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге әрі қарай белсенді ғылыми ізденіс және дарынды оқушылар тілейді! Тамаша жұмыс және ұжымдағы жылы қарым-қатынас үшін алғыс білдіреміз! Сізге ұзақ ғұмыр, әйел бақытын және шуақты күндер тілейміз!