АЭжБУ — Powerexpo Almaty 2021 қатысушысы!

АЭжБУ  —  Powerexpo Almaty 2021 қатысушысы!

27.10.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін, яғни, 27 қазан күні баламалы энергия көзін дамытуға арналған Powerexpo Almaty 2021 мамандандырылған көрмесінің алғашқы күні өтті.

Осы жылғы көрмеде Аустрия, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Словакия және АҚШ-тан келген компаниялардың өкілдері қатысуда.  АЭжБУ мен ҚМЭУ бірлесіп бірнеше көрме жәдігерлерін ұсынды: бір фазалық трансформатордың зерттелуі, жел генераторының макеті және Kazenergy энергия үнемдеуші тұрақтандырғыш кернеуі.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сагинтаева С.С. осы жәдігерлер туралы айтып берді, сонымен қатар, дөңгелек үстелге біздің университет атынан қатысқан – жылу энергетикасы мен басқару жүйесінің директоры, PhD Бегимбетова А. С., «Отын-энергетикалық кешенінің орнықты дамуды қамтамасыздандыру рөлі» баяндамасын оқыды.

Көрмеге қатысып, біздің университетті қолдау көрсетіңіздер!

Көрме 29 қазанға дейін жалғасады!