АЭжБУ мен Вроцлав Агломерациясын дамыту агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АЭжБУ мен Вроцлав Агломерациясын дамыту агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды


27.10.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін 2021 жылғы 27 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында АЭжБУ Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры М.Б. Алиярова Польша Республикасының делегациясымен кездесті.

Кездесуге қаланың стратегиясы мен дамуына жауап беретін Вроцлав қаласы мэрінің бірінші орынбасары Якуб Мазур мырза, «Вроцлав Агломерациясын дамыту агенттігі»  АҚ басқарма басшысы Магдалена Окуловская ханым, Агенттіктің басқарушы директоры Дариуш Островский мырза,  Халықаралық кеңесші, Орталық Азия нарығын дамыту жөніндегі директор және Creative Valley Президентінің кеңесшісі Малгоржата Туард ханым, Вроцлав политехникалық университетінің менеджмент факультеті деканының орынбасары доктор Мариуш Мазуркевич,  Агломерация агенттігінің инвестициялық қолдау тобының жетекшісі Александра Клоновска-Дрозд ханым, Вроцлав Агломерациясын дамыту агенттігінің ілгерілету және қызметтер орталығының директоры Томаш Спевак мырза және Агломерация агенттігінің «Study in Wroclaw» және «reStart» жобаларының жетекшісі Мирослав Лебедь мырза қатысты.

Мазур мырза академиялық ынтымақтастықтың халықаралық даму жоспарларымен бөлісіп, Вроцлав қаласының университеттерін және Орталық Азиядағы Вроцлав агломерациясын дамыту агенттігінің қызметін таныстырды.

Кездесуге қатысушылар Болашақ академиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, университет студенттері мен оқытушылар құрамының академиялық алмасулары шеңберінде мықты әріптестік орнату және АЭжБУ мен Польша университеттері ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне өзара қатысу үшін алғашқы қадамдарды белгіледі.

Соңында тараптар «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» мен Вроцлав Агломерациясын Дамыту Агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ENERGO UNIVERSITY