10 қараша күні АЭжБУ қабырғасында мансап жәрмеңкесі өтті

10 қараша күні АЭжБУ қабырғасында мансап жәрмеңкесі өтті


11.11.2021 Барлық жаңалықтар


10 қараша күні АЭжБУ қабырғасында мансап жәрмеңкесі өтті. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада студенттер мен түлектер жұмысқа қабылдаушылармен танысты.

Мансап жәрмеңкесіне «Samsung», «Қазақтелеком», «Synergy Astana», «Beeline», «Logicom», «АлЭС» және т.б. компаниялар қатысты.

Жұмысқа қабылдаушылар болашақ қызметкерлердің компаниядағы нақты мүмкіндіктер мен келешегінің мән-жайын айтып қана қоймай, еңбек нарығында бейімделуге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Ағымдағы оқу жылында көптеген мансап жәрмеңкелері өтеді. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмас үшін aues.edu.kz сайтындағы жаңалықтар бөлімін қарай жүріңіздер.

 

ENERGO UNIVERSITY