2021 жылдың 12 қараша күні сағат 20:30-да Toronto Community Housing (Торонто, Канада) білім беру бағдарламаларының тьюторы Касымова Лаура Серікқызымен «Психологиядағы тұлғаның құндылық-семантикалық сферасы» тақырыбында кездесу өтеді

2021 жылдың 12 қараша күні сағат 20:30-да Toronto Community Housing (Торонто, Канада) білім беру бағдарламаларының тьюторы Касымова Лаура Серікқызымен «Психологиядағы тұлғаның құндылық-семантикалық сферасы» тақырыбында кездесу өтеді


11.11.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 12 қараша күні сағат 20:30-да Toronto Community Housing (Торонто, Канада) білім беру бағдарламаларының тьюторы, психодиагностика, арт-терапия, психосоматикалық бұзылыстарды психологиялық түзету, денеге бағытталған терапия, қолданбалы кинезиология саласындағы кәсіби бағдарлау маманы, психология ғылымдарының PhD докторы Касымова Лаура Серікқызымен «Психологиядағы тұлғаның құндылық-семантикалық сферасы» тақырыбында кездесу өтеді.

Қасымова Л.С. «Психология» мамандығы бойынша бакалавр, магистратурада Е. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде оқыған.

2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасын бітіріп, ғылыми жетекшісі психология ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Аймағамбетова және шетелдік кеңесшісі Гуэльф университетінің профессоры, (Канада) С.Сардардың жетекшілігімен «Қазақстандық жастардың құндылық бағдарының психологиялық аспектілері» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады

Өтетін уақыты: 12 қараша 2021 жыл, 20.30.

Қосылу адресі

Әлеуметтік пәндер кафедрасы.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

 

ENERGO UNIVERSITY