АЭжБУ студенттері — Huawei ICT Competition 2021 халықаралық конкурсының ұлттық финалына қатысушылар!

АЭжБУ студенттері  —   Huawei ICT Competition 2021 халықаралық конкурсының ұлттық финалына қатысушылар!


17.11.2021 Барлық жаңалықтар


Кеше, яғни, 16 қараша күні АЭжБУ атынан 12 студент Huawei ICT Competition 2021 халықаралық сайысының Ұлттық ақтық сынына қатысты.

Тестілеу «KBTU» университетіндегі Huawei академиясының базасында өтті.  Осы жылы сайыс күрделенген бағдарлама бойынша өткізілді. Тестілеуде желі қызметіне қатысты сұрақтардан бөлек, желі қауіпсіздігі мен сымсыз желі курстары бойынша сұрақтар енгізілген. Финалдық тестілеу ағылшын тілінде өтті, яғни, 90 минут ішінде 90 сұраққа жауап беру керек.

Тестілеудің нәтижесі бойынша әр университеттен үздік үш студент іріктеліп, команда құрылады. Ең көп балл жинаған команда аймақтық ақтық сынға қатысады.

Біздің студенттерге қолдау білдіріп, сәттілік тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY