Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында АЭжБУ-да кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында АЭжБУ-да кездесу өтті

10.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 ж. 9 желтоқсаны Алматы энергетика және байланыс университеті Кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы  аясында кездесу өтті.

Кездесуге қонақ ретінде  Ербол Саулеұлы Әбдрешов – «Әз Желтоқсан»  ұйымының   төрағасы және желтоқсаншылар Оразымбет Нүсіпахметұлы Сабанқұлов, Еренбай Иманқұлов келді. Кездесуге Гульшат Беймұратовна Альмұратова – АЭжБУ Колледж   директорының  Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Ұлағат» ұйымының өкілдері, кітапхана қызметкерлері,колледж студенттері қатысты. 

Кездесудің мақсаты: Желтоқсан оқиғасын сипаттай отырып, Тәуелсіздік үшін күрес құрбандарын еске алу. Желтоқсан батырларының батылдығы мен ерлігін насихаттау, бағалау. Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздіктің  бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, Отанымызды  сүюге, оны қорғай білуге, ел мен жердің, тілдің қадір-қасиетін ұғынуға, салт-дәстүрімізді берік ұстауға тәрбиелеу.