АЭжБУ-да «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

АЭжБУ-да «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты республикалық дөңгелек үстел өтті


15.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 14 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Саяси ғылымдар докторы және әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Алтынай Мухамбедьярова өз сөзінде: «Әр халық тәуелсіздікке әртүрлі жолмен  жетеді. Қазақстан үшін 1986 жылғы оқиғалар еркіндіктің басы болып табылады. Биыл Тәуелсіздікке 30 жыл ғана емес, Алматыдағы оқиғаларға 35 жыл толады».

Бұл ойды Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Махмутов жалғастырып, бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде желтоқсан сабақтарының маңыздылығын атап өтті. Ол бүгінде мемлекет жүргізіп отырған қазақстандық жастардың мүддесі үшін саясаттың маңыздылығы туралы да айтып берді. Өйткені жастар - Қазақстанның әлеуеті мен болашағы.

Басқа спикерлер Қазақстанның саяси тарихы туралы баяндамалар жасады.

АЭжБУ жастарының өкілдері - I курс студенті Зарина Хасанова мен студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Айдын Темирбековтың баяндамалары ерекше назар аударды. Темирбеков өзінің «Тәуелсіздік - асыл мұра» атты баяндамасында келесіні атап өтті: «Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз. Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!».

Дөңгелек үстел саяси ғылымдар докторы және әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Алтынай Мухамбедьярованың маңызды сөздерімен аяқталды: «Тәуелсіздік - бұл қорғау мен нығайтуды қажет ететін өте нәзік нәрсе екенін бәріміз есте сақтауымыз керек».

Мақаланың толық мәтіні сілтеме бойынша.

ENERGO UNIVERSITY