01.02.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылдың 25 қаңтарында Қазақстанның оңтүстігінде, Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларында электр жарығы жаппай өшірілді. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті "КЕGOC" АҚ электр желілерінде "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзиті бойынша Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесін бөле отырып, 2022 жылғы 25 қаңтарда орын алған технологиялық бұзушылықтарды тексеру бойынша комиссия құру туралы шешім қабылдады. Комиссия құрамына АЭжБУ КеАҚ мамандары енгізілді:
-
К. К. Токтыбакиев (Smart Power Grid ҒТО директоры);
-
Е. К. Умбеткулов (Электр энергетикалық жүйелер кафедрасының меңгерушісі);
-
М. В. Башкиров (Электрмен жабдықтау және ЖЭК кафедрасының доценті).
Комиссия жұмысының нәтижелері Қазақстан Республикасының Энергетика министріне ұсынылады.