«Schneider Electric» - «Автоматтандыру және басқару» кафедрасындағы практикалық тренинг

«Schneider Electric» - «Автоматтандыру және басқару» кафедрасындағы практикалық тренинг


31.01.2022 Барлық жаңалықтар


Әлемге әйгілі «Schneider Electric» компаниясының қазақстандық өкілдігінің мамандары Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушыларына практикалық тренинг өткізді.
«Schneider Electric» - электр энергиясын автоматтандыру және басқару саласындағы танымал әлемдік көшбасшы. «АЭжБУ» үшін бұл компания стратегиялық әріптес болып табылады. Көп жақты ынтымақтастық нәтижелерінің бірі Автоматтандыру және басқару кафедрасында «Өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша Schneider Electric «құзыреттілік орталығын» құру болды.
Орталықтың техникалық базасы - бірегей зертхана. Ол заманауи автоматика құралдарымен және Schneider Electric бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған. Компания университетке таратылған автоматтандыру жүйесінің барлық функционалдығын қамтитын 12 стенд ұсынды - өлшеу құралдарын модельдеу, жиілік түрлендіргіштері, бағдарламаланатын контроллерлер және Citect SCADA диспетчерлік басқару жүйесі. Компания ұсынған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету Қазақстанның өнеркәсіптік объектілері үшін әртүрлі автоматтандыру жүйелерін әзірлеу үшін де, сондай-ақ басқа да әлемдік өндірушілердің жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуімен қатар оқу процесінде пайдалану үшін де арналған.
Жаңа, көктемгі семестр қарсаңында «Schneider Electric» мамандары «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушыларына зертханалық жұмыстардың мазмұнын және оларға арналған әдістемелік нұсқауларды, мысалы, «Объектілерді басқарудың техникалық құралдарының кешені» және «Өнеркәсіптік контроллерлерді бағдарламалау» сияқты оқу пәндері бойынша практикалық тренинг өткізді.  
Тренингтің мақсаты – «Schneider Electric» компаниясының өнеркәсіптік автоматика құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуі зерделенетін зертханалық жұмыстардың мазмұнын және олардың әдістемелік қамтамасыз етілуін нақтылау. Компания мамандары оқытушылардың сұрақтарына жауап берді, оқу процесіне енгізілген зертханалық жұмыстар бойынша өз ұсыныстарын берді.
Тренинг барысында бакалавриат пен магистратураның қандай пәндерінде компанияның озық техникалық және бағдарламалық әзірлемелерін пайдалануға болатындығы туралы пікір алмасылды және талқыланды.
- Біздің кафедраның білім беру бағдарламаларында, әрине, өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы түрлі танымал әлемдік компаниялардың озық техникалық және бағдарламалық шешімдері зерттеледі, - деп түсіндіреді «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі Игорь Федоренко. - Бірақ «Schneider Electric» - бұл саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі ғана емес, сонымен қатар дәл Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру саласында белсенді жұмыс істейтін компания болғандықтан, біздің студенттер автоматика құралдары мен «Schneider Electric» бағдарламалық қамтылымын білуі міндетті.
Аталмыш тренингке «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының тәжірибелі профессорлары мен доценттері, сондай-ақ өнеркәсіптік контроллерлерді бағдарламалауға, басқару жүйелерін жобалауға және т. б. байланысты пәндер бойынша сабақ жүргізетін жас оқытушылар қатысқанын атап өткен маңызды.

  «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы  

 

ENERGO UNIVERSITY