АЭжБУ-мен бірге жұлдыздарға жақында!

АЭжБУ-мен бірге жұлдыздарға жақында!


04.02.2022 Барлық жаңалықтар


Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды «Біз ғарышты зерттейміз» байқауына қатысуға шақырады, онда жеңімпаздарды бас жүлде ретінде БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЛАҢЫНА БАРЫП, ҒАРЫШ КЕМЕСІН ҰШЫРҒАН СӘТТІҢ КУӘСІ БОЛУҒА ЖОЛДАМА күтеді. 

Байқаудың шарттары:

1) Ғарыш тақырыбына қатысты кез келген сурет салу;

2) «Мен неліктен Байқоңыр ғарыш алаңына барғым келеді?» тақырыбында эссе жазу.

Жұмысты баланың өзі орындауы керек және Instagram желісіндегі @aues_space профиліндегі тақырыпшадағы сілтеме арқылы жіберуі керек.

Жеңімпаздарға тегін тұру, тамақтану, қозғалыс пен экскурсия қамтамасыз етілген, ал ең бастысы – Университеттің жауапкершілігімен Байқоңыр қаласын тамашалауға мүмкіндік беріледі. Жеңімпаздардан тек көтеріңкі көңіл-күй ғана талап етіледі! 

Байқау 2022 жылдың 10 ақпанынан 10 сәуіріне дейін жалғасады.

АЭжБУ-мен бірге жұлдыздарға жақында! 

P.S. Баласымен бірге барғысы келетін ата-аналар Байқоңыр ғарыш алаңына арнайы кіру рұқсатын ала алады.

 

ENERGO UNIVERSITY