04.02.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылғы 3 ақпанда И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің (ҚМТУ) энергетикалық факультеті мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) Электр энергетикасы және электротехника институты әріптестері арасында онлайн форматта кездесу өтті.
«Біз көптеген мәселелер бойынша кооперацияны жалғастырамыз. Біздің бауырлас елдерімізді бір энергетикалық кеңістік біріктіреді. Өткен аптада Өзбекстандағы Сырдария ЖЭС-інде апат болды. Бұл авария біз бір-бірімізге тәуелді екендігімізді көрсетті . Қазір «АЭжБУ» сарапшылары «KEGOC» АҚ электр желілеріндегі бұзушылықтарды тексеру жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істеуде. Көршілермен қарым-қатынасымыздың векторы мұнымен шектелмейді. Біз Қырғызстандағы гидроэнергетиканың даму деңгейіне таңданамыз және біздің еліміз үшін осы саладағы тәжірибеңіз өзекті болып табылады», - деді кездесу басында «АЭжБУ» ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Алмаз Саухимов.
Кездесуде талқыланған негізгі мәселенің бірі - Қырғызстанда Жазғы мектепті ұйымдастыру. «Қазақстандық студенттер үшін жазғы лагерьді іске қосу жоспары бар. Осы мәселелерде ҚМТУ Энергетика факультетінің әлеуеті зор. Біз үлкен жұмыс атқаруымыз керек», - деді «АЭжБУ» Электр энергетикасы және электротехника институтының директоры Жұбаныш Әбдімұратов.
Қырғызстан тарапы қатысушыларды құттықтап, «АЭжБУ»-мен бұрын қол қойылған меморандумға беріктігін растады. «Алға қойғам мақсатымыз ортақ болып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанымыз қуантады. Солл кездесуден кейін біздің әріптестеріміз АЭжБУ жайлы тек жылы лебіз білдірген еді. Бүгінгі кездесу одан да үлкен пайда әкелетініне сенімдімін. Біздің бірлескен әлеуетіміз бен ресурстарымыз міндетті түрде тек артатын болады», - деді ҚМТУ-дың даму және мемлекеттік тіл жөніндегі проректоры Бекжан Торобеков.
«Студенттердің ұтқырлығы бойынша тығыз ынтымақтастық орнатқым келеді. Бірақ сағаттарды салыстырып, жоспарларды келісу керек. Өйткені Жазғы мектептің ұйымдастырылуы осыған байланысты. Қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтамын. Бауырлас Қазақстанға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін», - деді ҚМТУ Энергетика факультетінің деканы Жалалидин Галбаев.
Жұмыс тақырыптарын талқылағаннан кейін қырғызстандық әріптестер ҚМТУ бойынша виртуалды тур өткізді. К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі Нұрзат Қараева қысқа сөз сөйлеп, «АЭжБУ» электроэнергетикалық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Ертуған Үмбетқұлов біздің мамандардың Атырау энергожүйесіндегі апатты тексеру жөніндегі комиссиядағы жұмысы туралы айтып берді.
Іс-шара соңында тараптар Қырғызстанда Қазақстандық студенттер үшін Жазғы мектеп ұйымдастыру, сондай-ақ гидроэнергетикада тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.