Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!


08.03.2022 Барлық жаңалықтар


Аяулы арулар! Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл тамаша мереке тек сұлулық пен мейірімділікке ғана емес, сонымен қатар еркек пен әйел арасындағы толық теңдікке ұмтылу керектігін еске салады. Экономиканың көптеген салаларындағы гендерлік теңсіздікті бірге еңсеру және жасына, ұлтына, нәсіліне және діни сеніміне, отбасы жағдайына қарамастан әйелдердің құқықтарын сақтауға қол жеткізу керек. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою қажет.

Соңғы жылдары Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде осы салада оң өзгерістер орын алуда. Осылайша, 500-ден астам әйел әкімшілік пен институттарда еңбек етеді, бұл ОПҚ мен қатардағы кадрлық құрамның 61%. Олар қазіргі заманғы техникалық білімге ерлермен қатар лайықты үлес қосуда.

АЭжБУ бакалавриатында инженер, байланысшы, робототехник және IT-маман болу үшін техникалық мамандықтарды меңгеретін бір жарым мыңнан астам ару оқып жатқанын білу қуантады. Бұл - Қазақстандағы жас әйелдер үшін сапалы білімге қолжетімділік саласындағы алға жылжудың жарқын индикаторы.

Магистратурада әзірге нәзік жандылардың аз пайызы (27%) сақталуда, бірақ докторантурада ерлер мен әйелдердің (31 ер адам және 32 әйел адам) салыстырмалы түрде тең саны белгіленді, бұл жалпы академиялық және ғылыми дәрежелерді алушылар арасында гендерлік теңгерімге қарай баяу қозғалысты білдіреді.

Статистиканың жоғарыда баяндалған сандарын ескере отырып, АЭжБУ-да, тұтастай алғанда, экономиканың энергетикалық, өнеркәсіптік және жоғары технологиялық салаларында әйелдердің бұрын тек ерлерге ғана тиесілі деп саналған мамандықтарды игеруінің пайдасына оң трендтер жүруде деп айтуға болады. Мыңдаған нәзік жандылар қазірдің өзінде индустриалды күшті Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істеуде.

Қазақстандық арулардың барлығын мерекемен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, шаңырақтарыңыз бақытты, күндеріңіз қуанышты болсын!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика

 және байланыс университетінің ректоры

Сауле Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY