АЭжБУ базасында Amazon Web Services бұлтты оқу зертханасын ашу мәселесі

АЭжБУ базасында Amazon Web Services бұлтты оқу зертханасын ашу мәселесі


24.02.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 24 ақпанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде "C1oud academy" компаниясының өкілдерімен іскерлік кездесу өтті, оның барысында Amazon Web Services (AWS) бұлтты оқу зертханасын ашу мәселелері бойынша ынтымақтастық жолдары талқыланды. "Бұл жоба Huawei компаниясымен бірлесіп істейтін жұмысымызға ұқсас. Бұлтты технологиялар - бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістік үшін де өте өзекті тақырып. Біздің студенттер осы бағытта тегін оқудан өтіп, Amazon сертификатын алғаннан кейін халықаралық корпорацияларда жоғары ақы төленетін жұмыс таба алады. Сонымен қатар, біз бұл пәнді - бұлтты технологияны оқу процесіне енгізе аламыз. 1 қыркүйекке дейін біздің университетте пилоттық жоба іске қосылады деп үміттенеміз", - деді біліктілікті арттыру институтының директоры Раушан Сатова.

Amazon Web Services компаниясы Nasdaq, UniCredit, Sega, Netflix және Ericsson сияқты брендтерге бұлтты технологияны ұсынуда сөзсіз көшбасшы болып табылады. Қазақстандық "C1oud academy" компаниясы студенттерді AWS бұлтты бағыт бойынша сертификаттауға дайындауға маманданған, сондай-ақ еліміздің ЖОО-ларымен бірге Қазақстанды әлемнің ірі компаниялары үшін бұлтты мамандардың нағыз ұстаханасына айналдыруға тырысады.

Кездесу барысында компания басшысы Серік Құдайқұловқа нақты сұрақтар қойылды.

- Сіздің компанияңыздың миссиясы қандай?

- Миссиямыз - қондырғы жасау, өйткені Ресейде бұлтты технологиялар нарығы IT саласындағы протекционистік саясаттың салдарынан зардап шегеді, ал Беларуссиядан кадрлар сыртқа кетіп жатыр. Посткеңестік кеңістікте бұл бағытта мамандар жетіспейді. Қазір толтыру қажет тауашалар бар. Біз тек бизнес туралы ғана емес, сонымен бірге компаниямыздың әлеуметтік миссиясы туралы да айтамыз. Бұлтты технологияны үйрену жастарға жол ашады.

- Бұлтты технологиялар саласында қанша маман жетіспейді?

- Мыңдаған! Біздің AWS бұлтты технологиялары бойынша дәрістерімізді ТМД елдеріндегі жалғыз аккредиттелген маман, оқытушы Ержан Мәуленов жүргізеді. Осы аккредиттеудің арқасында Amazon компаниясының инновациялық білімге рұқсаты бар. Осы білім негізінде біз жақсы мамандарды даярлау үшін ЖОО-мен жұмысты жолға қойғымыз келеді. Біздің курстарымызды сәтті аяқтаған адам Amazon-да сертификаттаудан өте алады.

- Қазір Coursera платформасында бұлтты технологиялар бойынша бөлек курстар бар. Сіздің артықшылығыңыз неде?

- Біз өз компаниямыздың сертификаттарын жарнамаламаймыз және бермейміз. Біз бірден AWS сертификаттауға дайындаламыз деп айтамыз. Amazon өзі осы сертификаттарды шығарады. Әр адам тек сертификаттаудан өте алмайды. Табысты өту үшін бізде АЭжБУ базасында сертификаттың 4 түрін - Foundational, Associate, Professional, Speciality алу үшін 7 пән ұйымдастырылады.

- Сертификаттаудан кейін қайда баруға болады?

- Amazon сертификаты бұлтты технологияны қолданатын кез-келген ірі компанияға жұмысқа орналасқанда өте үлкен артықшылық береді. Бұл банктер ғана емес, Трансұлттық компаниялар да болуы мүмкін. Мысалы, біздің оқытушы американдық Pfizer және Moderna үшін бұлтқа қызмет ететін компанияда жұмыс істейді.
Тараптар сондай-ақ ауқымды мәселелерді, сондай-ақ ынтымақтастық жобасының қаржылық тұрақтылығының параметрлерін талқылады. Amazon Web Services бұлтты оқу зертханасын ашу мүмкіндігі АЭжБУ басшылығы деңгейінде талқыланатын болады.

CLOUD ACADEMY

ENERGO UNIVERSITY