IITU университетінің қарамағындағы әскери кафедра өкілдері, біздің студенттердің әскери кафедраға түсуіне арналған кездесу өткізеді

IITU университетінің қарамағындағы әскери кафедра өкілдері, біздің студенттердің әскери кафедраға түсуіне арналған кездесу өткізеді


23.02.2022 Барлық жаңалықтар


Ертең, 24 ақпан күні, сағат 15:00-де «D» ғимаратының акт залында IITU университетінің қарамағындағы әскери кафедра өкілдері, біздің студенттердің әскери кафедраға түсуіне арналған кездесу өткізеді.

Еске салайық, 2022 жылғы 14 ақпаннан 20 мамырға дейін Әскери кафедра Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұлдар – студенттерінен (1 және 2 курс) және  1 курс қыздар - студенттерінен құжаттар қабылдауды жүргізеді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сізге мына мекен-жайға келу қажет:

Алматы қаласы, Абай көшесі, 52/Г («Байзақ» БО), 2 қабат, 229 кабинет,  244-51-05.

Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Тізбеге сәйкес өзіңізбен бірге құжаттар болуы тиіс (құжаттар тізбесімен танысу үшін QR-кодты сканерлеңіз).

Әскери кафедрада оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі.

ENERGO UNIVERSITY