Қазіргі әлемдегі өзекті мәселелер мен инновациялар

Қазіргі әлемдегі өзекті мәселелер мен инновациялар


01.03.2022 Барлық жаңалықтар


 «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Тіл білімдері кафедрасы 2022 жылдың 28 ақпанында университет аясында, ZOOM платформасында онлайн режимде «Қазіргі әлемдегі өзекті мәселелер мен инновациялар» атты шет тілі бойынша ғылыми конференция өткізді. Мұндай іс-шаралар студенттерге ой-өрісін едәуір кеңейтуге, шет тілінде сөйлеуін жақсартуға, көптеген пайдалы дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Конференцияға бірінші курс студенттері қатысты. Олар ағылшын және неміс тілдерінде экология, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, ақпараттық технологиялар және ғарыш техникасы саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Кейбір қатысушылар конференцияда өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.

Осы іс-шара үшін кафедра оқытушылары үздік студенттерді таңдады. Қатысушылар өте тырысты, тиісті түрде дайындалды, өзекті, қызықты материалды таңдап қана қоймай, оны мұқият пысықтады, өздерінен өткізді, оны қол жетімді, түсінікті және қызықты түрде, түрлі-түсті презентациялармен, сызбалармен, суреттермен және фотосуреттермен әрледі, қолда бар ақпаратты өңдеді және құрылымдады. Сонымен қатар, студенттердің шешендік шеберліктерін атап өткім келеді. Көбісі шет тілінде анық, түсінікті сөйледі. Жекелеген студенттер шешендік шеберліктерін көрсетті. Кейбір есептерді ұйып тындадық. Жалпы, байқау комиссиясы барлық баяндамалардан үлкен ләззат алды.

Қатысушылар өздерін жақсы маман ретінде ғана емес, сонымен қатар жарқын тұлға ретінде де көрсетті. Біздің университет аясында осындай дарынды тұлғалар дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз.

х.ғ.к., аға оқытушы Ю.Р. Габдулина 

ENERGO UNIVERSITY