АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваның Алғыс айту күнімен құттықтауы

 АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваның Алғыс айту күнімен құттықтауы


01.03.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл тамаша мереке ерекше мәнге ие, өйткені біз өткенге - қазақ жері сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған мыңдаған адамды қарсы алып, қабылдап, тамақтандырып, жылытқан кезге көз жүгіртеміз бүгін. Тәуелсіз Қазақстанда бұл адамдар мен олардың ұрпақтары сол қиын-қыстау жылдары көрсеткен жомарттығы, жанашырлығы және мейірімділігі үшін қазақ халқына ризашылығын білдіруді жалғастыруда.

Бүгін біз бір-бірімізге жақсылық үшін, уақытында көмек көрсеткені үшін және қиын сәтте жылы сөз сөйлегені үшін алғыс айтамыз. Осындай қарапайым, адами сезім мен іс-әрекеттер қазақстандықтардың жүрегінде бірлік пен келісімді тудырады. Біздің университеттің соңғы уақыттағы жетістіктері де осыған байланысты. Бірлігіміздің арқасында сын-қатерлерді еңсере алдық. Қаңтардың ең қиын күндерінде ертеңгі күнге деген ортақ үмітімізді жоғалтпадық.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің дамуына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін әрқайсыңызға шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге бақыт, амандық, бейбітшілік тілеймін!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры

профессор С.ССагинтаева 

ENERGO UNIVERSITY