02.03.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылдың 3 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Сагинтаева "Орталық және Батыс Азия елдеріндегі энергетикадағы әйелдер" саммит-семинарына қатысады. Шараның басталуы Алматы уақытымен 12:00-де.
Бұл "Энергетикадағы әйелдер" бірінші саммиті энергетика секторында гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша өңірлік энергетика министрлері алған міндеттемеге сәйкес Орталық және Батыс Азия елдерінде "Энергетикадағы әйелдер" бағдарламасын ресми түрде іске қосады. "Энергетикадағы әйелдер" бағдарламасы Орталық және Батыс Азия елдерінің энергетикалық секторында әйелдерді ілгерілету жөніндегі алғашқы нысаналы бастама болып табылады. Мақсат - "2030 жылға қарай ТЕҢДІК" Тұжырымдамасының қағидаларын 2030 жылға қарай жаңа стандартқа тең мүмкіндіктер, тең еңбекақы және тең көшбасшылық жасай отырып, өңірдің энергетика саласының жұмыс істеу жағдайларына айналдыру.
Іс-шараның ресми сайты: "Энергетикадағы әйелдер" саммиті 2022 (women-energy-summit.org)