АЙТБАЛА АЙТЕНҚЫЗЫ ТУМАНОВАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АЙТБАЛА АЙТЕНҚЫЗЫ ТУМАНОВАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


06.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 6 наурыз күні «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті Айтбала Айтенқызы Туманова 60 жасқа толады.

Айтбала Айтенқызы Туманова 1985 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) химия факультетін бітірген. ҚазҰУ-дың аналитикалық химия кафедрасында инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқарды. КСРО РҒА Мәскеу инженерлік физика институтымен, Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтымен гранттық-шаруашылық келісімшарттық жұмыстарын жүзеге асыруға қатысты.

1994 жылы «Аналитикалық химия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2003 жылдан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де физика-химиялық пәндер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.

Айтбала Айтенқызы өзінің еңбек жолын аға оқытушыдан бастады, содан кейін 2005 жылы конкурс бойынша кафедра доценті лауазымына ауыстырылды. 2012 жылы А. А. Тумановаға АЭжБУ доценті атағы берілді.

2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін АЭжБУ «Өндірістік жылу-энергетика» кафедрасында жұмыс істейді: алғашында – аға оқытушы, 2005 жылы конкурс бойынша ӨЖЭ кафедрасының доценті қызметіне ауыстырылды (2020 жылдан бастап кафедра атауы «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» болып өзгертілген). 2012 жылы АЭжБУ доценті ғылыми атағы берілді.

АЭжБУ-де жұмыс істеген кезінде Айтбала Айтенқызы Туманова химия және басқа да арнайы курстар бойынша дәрістер оқыды (соның ішінде «Су ерітінділерінің химиялық кинетикасы мен термодинамикасының арнайы мәселелері», «Техникалық экология», «Суды тазартудың физика-химиялық әдістері», «Химиялық талдау», «Әдістер мен өлшеу құралдары, сынақ және бақылау») мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жылу-энергетика, электр энергетикасы және радиотехника факультеттерінде күндізгі және сырттай оқу нысандарында практикалық және зертханалық сабақтар өте жақсы ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізіледі. Бірлескен авторлықта 100-ден астам жарияланымдар шығарылды, оның ішінде: КСРО авторлық куәлігі - 3, Қазақстан Республикасының патенті – 1, оқу құралы - 3, 40-қа жуық оқу-әдістемелік еңбектер.

Факультетте суды тазарту және жылу-энергетикалық жүйелердегі және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су-химиялық режимі бойынша біліктілікті арттыру курстарында сабақтар жүргізеді. «АЭжБУ Хабаршысы» журналының сын-пікір берушісі.

 2011 жылдан 2013 жылға дейін жылуэнергетика факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. Бірнеше рет студенттік топтардың эдвайзері қызметін атқарды, кафедраның, институттың қоғамдық өміріне белсене араласады. Оқушылармен үнемі тәрбие жұмысын жүргізеді.

2013-2015 жж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатысты.

2020-2021 оқу жылынан бастап «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеудегі жаңа технологиялар» тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханасының оқытушы-зерттеуші. Әріптестерімен бірге «Биологиялық ыдырайтын материал негізінде энергетикалық отынды алу технологиясын жасау және зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулермен айналысады. «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша кандидаттық және бакалавриат жұмыстарының жетекшісі.

2021 жылы Айтбала Айтенқызы Туманованың жетекшілігімен орындалған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жылу энергетикасы бойынша республикалық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар конкурсында 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кафедрада бакалавриат студенттерінің өндірістік және бакалавриат тәжірибесін ұйымдастырады, кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы келісімдер-шарттар жасасады. Өте жауапты, ықыласты, адал ниетті педагог.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор зор денсаулық,  жекн бақыт, сәттілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

ENERGO UNIVERSITY