03.03.2022 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 2 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде "Тіл білімдері" кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен "Книголюб" ("Жылдың үздік оқырманы") атты халықаралық студенттік байқаудың қорытынды кезеңі онлайн-режимде өтті.
Іс-шара университеттің Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Альфредовна Абдуллинаның құттықтау сөзімен ашылды. З.А.Абдуллина өз сөзінде студенттерді көркем әдебиетке баулу арқылы рухани-эстетикалық және адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті және "Үздік оқырман" атағына үміткерлер-конкурсқа қатысушыларға табыс тіледі.
Конкурстың екінші кезеңіне бірінші іріктеу кезеңінен өткен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олардың арасында Түркия (Анкара), Ресей (Грозный), Өзбекстан (Наманган, Ургенч) студенттері, ал Қазақстаннан - еліміздің түрлі өңірлерінен (Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Теміртау және т.б.) қатысушылар болды.
Қорытынды кезеңде қатысушылар өздерінің оқырмандық эрудициясын және жоғары зияткерлік деңгейін көрсетті. "Кино, музыка, кескіндеме және мүсін өнеріндегі әдебиет" атты бірінші кезеңінде қатысушылар интерактивті викторинаға қатысып, әдебиет және өнердің басқа да түрлері саласындағы өз білімдерін көрсетті. 23 балдан 12-ден жоғары балл жинаған студенттер екінші кезең – "Эрудит" квизіне жіберілді. Бұл кезеңде қатысушылардың ең үздіктеріне әлемдік классикалық шығармалар бойынша аса күрделі сұрақтарға жауап берулеріне тура келді. Студент жастардың сөз өнеріне деген қызығушылықтары, сондай-ақ шығармашылық ойлау және дұрыс жауап беру қабілеттері қуантты.
"В союзе звуков, чувств и дум" атты бірінші (іріктеу) кезеңге дайындаған студенттердің бейнематериалдары әдеби кеш бағдарламасын одан әрі әрлендіре түсті. Үздік бейнероликтер көрсетілді, олардың авторлары өздерінің дәлелді, мазмұнды және сауатты сөйлеген сөздерімен көпшілікті өздерінің сүйікті кітабын оқуға қызықтыра, сендіре білді. Студенттердің кітап жайлы монологтары, сонымен бірге олардың компьютерлік графика мүмкіндіктерін қолданудағы шығармашылық шешімдері конкурс көрермендерін тәнті етті.
Доценттер К.Б. Кубдашева және Ю.Г.Смирнова студенттерге тапсырмалардың әр түрі бойынша нақты түсініктемелер берді, ал доценттер М. К. Нурмаханова және Р. А. Досмаханова Сандық дәуірдегі кітаптың рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.
Конкурстық комиссия конкурс қорытындысын шығарды: I орынды Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ЭЭк-21-10 тобының студенті Сагитова Айша, II орынды Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Сиб-18-2 тобының студенті Ескермес Толқын, ал III орынды Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ КТТ-18-3 тобының студенті Оразбек Сұңқар иеленді.
"Жылдың үздік оқырмандары" байқауының жеңімпаздары "Sulpak" дүкенінің сыйлық карталарымен және дипломдармен марапатталды. Үздік бейнероликтер авторлары: Голубев Александр (ЭС-18-2), Ескермес Толқын (СИБ-18-2), Әділбекұлы Нұрислам (АУк-21-1), Сагитова Айша (ЭЭк-21-10) және Васильев Даниил (ЭСС-18-3) алғыс хаттармен және "Sulpak" дүкенінің сыйлық карталарымен марапатталды.
Тіл білімдері кафедрасының меңгерушісі, доцент Төлеуп Мейірімкүл Мұхамедияровна қорытынды сөз сөйлеп, жас ұрпақ көркем әдебиетті оқуды өзінің парызы деп санауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге әдеби байқаудың барлық қатысушылары мен қонақтарына шын жүректен алғыс білдірді.
Әрине, бұл іс-шараның мақсаты тек эрудиттерді анықтау және "Үздік оқырмандарды" ынталандыру ғана емес, сонымен қатар көркем туындылардың өзектілігі мен мәңгілігіне студент-жастардың көзін жеткізу болды.
"Тіл білімдері" кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Досмаханова Р.А.