«Жұмбақ қыз» байқауы өтті

«Жұмбақ қыз» байқауы  өтті


09.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың наурыз айының 1 жұлдызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Энтел жастар орталығында Ұлағат ұйымымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау  —  «Жұмбақ қыз» өтті. Іс-шараны ұйымдастырғандары үшін Ұлағат ұйымының мүшелері  Бахрам Абдиев пен Ақнар Долқынға  кеш конақтары мен қатысушылары өз алғыстарын білдірді.

Байқауға барлығы 12 сері жігіт қатысты. Өздеріне сенімді, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер шеберліктері мен сыр-сымбаттары арқылы көзге түсіп, жиналған көрермендерге керемет көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлай білді.

«Жұмбақ қыз 2022» байқауының жеңімпазы   —    белсенді жас буындардың бірі  АУк 21-6 тобының студенті  Бекзат Маметов. Талайды таңдай қақтырған сұлу да, нәзік жұмбақ қыз  —  БЖДк 21-1 тобының студенті Раушан Турехан атанды. Жеңіске жеткен сері жігітіміз бен жұмбақ қызымызға сертификаттар берілді.

ENERGO UNIVERSITY