АЭжБУ-да "Kazdream Innovation" техникалық директорымен Meet-up өтеді

АЭжБУ-да


09.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 11 наурызында сағат 16:00-де Microsoft Teams платформасында Almaty, Kazdream Innovation компаниясының бас техникалық директоры Бақытжан Сейтқазинмен кездесу өтеді. Ұйымдастырушы  Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ "Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" кафедрасы болып табылады. 
Бақытжан Сейтқазин қаржы салаларында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар БҚ әзірлеуші. Негізінен Java және back-end әзірлеуге маманданған, Python, Javscript, Typescript, C++, Go-да жазады. Ол жоғары сапалы бағдарламалық өнімдерді жасау әдістерін зерттеумен және насихаттаумен айналысады, Хабр веб-сайтына мақалалар жазады, сонымен қатар YouTube арнасын жүргізеді.
Бақытжан біздің және Батыс нарықтары үшін қандай бағдарламалау тілдері, фреймворкалар және технологиялар өзекті екендігі және таңдалған бағытқа байланысты қажетті дағдылар мен құзыреттер туралы айтып береді.

YouTube арнасы - https://www.youtube.com/channel/UC1NXrMdhj9H9saWI9A2dS8g/about 
 Хабр-дағы мақалалары - https://habr.com/ru/users/beezy92/posts/
Телеграмдағы арнасы https://t.me/codelike
Instagram - https://www.instagram.com/bseitkazin/
Blog - https://bseitkazin.gitlab.io/
Github - https://github.com/bseitkazin
Спикер: Бақытжан Сейтқазин,  Kazdream Innovation компаниясының бас техникалық директоры
Баяндама тақырыбы: "Programming Languages 2022".
Күні: 11.03.2022
Уақыты: 16: 00

Сілтеме

ENERGO UNIVERSITY