09.03.2022 Барлық жаңалықтар
- Екі мың жыл бұрын философ Платон спорт өнер мен дененің физикалық сипаттамасын бір тұтасқа біріктіреді деп жазды. Мұндай ұлы ой спорттық акробатика үшін де өзекті ме?
- Иә, өзекті. Мен кез келген адамға спорт қажет деп санаймын. Жалпы, спорт денсаулықты жақсартады, бұлшықет пен бұлшықет жадын дамытады. Спортпен айналысатын адамның денсаулығы да мықты болады, әсіресе қазіргі бізді қоршаған фаст-фуд заманында.
- Оқу мен спортты қалай қатар алып жүресіз?
- Қызықты сұрақ. Жалпы, бұл қиын. Мен екеуін қатар алып жүруге тырысамын, алайда, нәтижесінде бос уақытым аз қалады. Таңертең – оқу, кешке – жаттығу. Жаттығудан кейін жуыну, кешкі ас және сабаққа арналған уақыт.
- Жұпта жұмыс істеу жоғары жауапкершілікті талап етеді ме?
- Иә. Акробатикада ерлер мен әйелдердің төрт жұбы бар деп бөлек айтқым келеді. Төмендегі адам әрдайым жауапты болады, яғни мен төмендегі ретінде жоғарғы жақтың қауіпсіздігіне жауап беремін. Жоғарыдағы адам күрделі элементтер жасайды, сол себепті де жарақат алу қаупі бар. Мен оны сақтандырып, кез келген қиын жағдайдан алып шығуым керек.
- Спорттағы жеңістен немесе жеңілістен кейін көзіңізге жас алған кездеріңіз болды ма?
- Жалпы, ұлдар жыламайды (жымиды). Әзірше халықаралық жарыстарға қатысқан жоқпын, бірақ республикалық және қалалық деңгейлерде жарысқан болатынмын. Мен жеңіске жеткен кезімде, әрдайым қуанышты болатынмын. Әрине, жеңіліс эмоционалды тұрғыда әсер етеді, дегенмен біз қателіктерден сабақ алатынымызды ұмытпау керек.
- Спорттық акробатикада шығармашылық басым ба, тәртіп пе?
- Кез келген спортта бірінші кезекте тәртіп. Жаттығу мен толық ұйқы. Бірде әйгілі футболшы Роналду өз сөзінде «Мен талантты емеспін, бірақ тәртіпті ұстанамын», - деді. Осының арқасында ол жетістікке жетті. Ал былайынша, акробатика тәртіп пен шығармашылықты біріктіреді. Бұл спортта көркемдік бөлік те бар. Біз жеке элементтерді әзірлеуде бізге көмектесетін, музыканы іріктейтін, композицияларды құрастыратын хореографпен жеке жұмыс істейміз.
- Сізде ерекше қасиет, мысалы, Өрмекші адамның қасиеттері болғанын қалар ма едіңіз, әлде бұл қарсыластарыңызға деген әділетсіздік болар еді деп ойлайсыз ба?
- Шынымды айтсам, сіз дәл түстіңіз. Өрмекші адам – менің сүйікті қаһарманым. Мен барлық ұлдар сияқты қандай да бір ерекше қасиетке ие болғым келер еді. Ал спортта, керісінше қарсыластар бірдей деңгейде болулары керек деп ойлаймын. Ешқандай допинг және тағы басқаларысыз.
- Спорттық акробатикада да допинг бар ма?
- Кез келген спортта тауып жатады. Менің ойымша, бұл басқаларға деген әділетсіздік.
- Тоби Магуайр, Эндрю Гарфилд, әлде Том Холланд па?
- Тоби Магуайр.
- Не себепті Тоби Магуайр?
Ол – алғашқы Өрмекші адам, әрі нағыз қаһарман ретінде алғашқы рет есімде қалды.
- Неліктен футбол емес, спорттық акробатика?
- Мен бастауыш мектепте әртүрлі спорт түрлерін сынап көрдім, ал акробатикаға кеш келдім, яғни есімде болса, 16 жасымда. Жалпы, менің отбасым спортқа жақын. Менің ағаларым гимнастика бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушылар. Олар маған әсер етті.
- Әдеміліктің сыры неде?
- бұл өте әдемі спорт түрі. Өкінішке орай, ол әлі олимпиадалық емес, бірақ сол дәрежеге жетеді деп үміттенемін. Өте әдемі элементтер қолданылады. Бұл үнемі жаттығуды қажет ететін өте ауыр спорт түрі. Би де, аса маңызды элементтер де бар.
- Болашақта өзіңізді қалай көресіз?
- Жалпы, мен екі білім алуды жоспарлаған болатынмын, спорттық және өз бағытым бойынша (ақпараттық қауіпсіздік). Қалай боларын білмеймін, бірақ әзірге өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін деп жоспарлап отырмын. Ағам маған үнемі біреуі екіншісіне кедергі жасамайды деп айтып отырады, сол себепті екі білімнің болуы артықтық етпейді. Бірі болмаса, бірі болар. Себебі спорт әрдайым өзекті, әрі танымал. Зал ашып, қосымша табыс табуға болады.
- Спорттық акробатикамен айналысқысы келетін жастарға не тілейсіз?
- Жалпы, спортпен шұғылдану керек – бұл өте пайдалы. Мен акробатикамен айналысқысы келетіндерге бұлшықеттерін дамытып, спортпен айналыңдар және әрдайым өздеріңізге сенімді болыңыздар дегім келеді.
- Сұхбатыңыз үшін рақмет!
- Сіздермен жүздесіп, ақпаратыммен, эмоцияларыммен бөліскенім үшін қуаныштымын!