ҒАЛИЯБАНУ ОРАЗҚЫЗЫ БАЙҒОЖИНАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҒАЛИЯБАНУ ОРАЗҚЫЗЫ БАЙҒОЖИНАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


16.03.2022 Барлық жаңалықтар


16 наурыз күні Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті Байғожина Ғалиябану Оразқызы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Ғалиябану Оразқызы Байғожина 1962 жылы 16 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1984 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Механика-математика факультетін бітіріп, 1994 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғалиябану Оразқызы Байғожина Физика-математика ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті болып табылады.

2000 жылға дейін Астана аграрлық университетінің Жоғары математика кафедрасында доцент болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап банк саласында, қаржы лизингінде, Қазақстан Темір Жолы, ҚазМұнайГаз ұлттық компанияларында жұмыс істеді.

Ғ.О. Байғожинаның Мәскеу қ. Халықаралық Каспий Құбыр  желісі Консорциумы компаниясында бас қазынашы лауазымында 4 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

2012 жылдан бастап Қазынашылық директоры, содан кейін Самұрық-Қазына қорының тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Ғ.О. Байғожинаның Жобаларды басқару бойынша халықаралық сертификаты, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесі бар, оның ішінде жетекші ретінде де.

Ғалиябану Оразқызы Байғожина Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Магистранттарға арналған Жобаларды басқару курсын оқиды. Жобаларды басқару курсы экономиканың нақты секторларында іске асырылған жобалардың тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік және табыс тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!