АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваның Наурыз мейрамына байланысты құттықтауы

АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваның Наурыз мейрамына байланысты құттықтауы


18.03.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті достар!

Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күндерді біз отбасымызбен, жақындарымызбен және туған-туыстарымызбен бірге өткіземіз. Бір дастарқан басында бір нанды бөлісіп жеп, үлкендердің өсиетін тыңдап, бір-бірімізге барша жақсылықты тілейміз. Мұндай игі дәстүрлер ғасырлар қойнауынан бастау алады және қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Наурыз - бұл әрқайсымызға үміт пен махаббат ұялататын тамаша мереке. Көктемді асыға күтіп, қуана қарсы алудың терең, пәлсапалық мәні бар: табиғат үнемі жаңарып, керемет үйлесімділікті сақтайды. Біз, адамдар, содан үлгі алып, татулық пен бірлікте өмір сүріп, кешірімділік пен кеңпейілділік таныта білуіміз керек. Бұл туралы ақсақалдар дастарқан басында да, ауыл мен қалалардың мерекелік алаңдарында да сөз етеді. Осындай жылылыққа толы Наурыз мерекесі қазақстандықтардың өмірінде ерекше орынға ие.

Көктеммен, осы мерекемен бірге әр үйге жақсылық пен молшылық кірсін! Әр шаңырақта тек бақыт, қуаныш пен амандық болсын!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика

және байланыс университетінің ректоры

Сагинтаева Сауле Саветовна

ENERGO UNIVERSITY