2022 жылғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы

2022 жылғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы


15.03.2022 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ базалық ЖОО ретінде келесі мамандықтар бойынша ҚР жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізуде:

5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»         

6М070300 - «Ақпараттық жүйелер»

ҚР ЖОО студенттерін конкурстың II кезеңіне қатысуға шақырамыз және ЖОО ішіндегі I кезеңінің қорытындылары бойынша үздік конкурстық жұмыстарды 2022 жылғы 11 сәуірге дейін жіберу қажет екенін хабарлаймыз.

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі,126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, А ғимараты, 219 - кеңсе, Ғылыми және коммерцияландыру департаментіне қағаз және электронды түрде («мамандықтың атауын көрсете отырып, СҒЗЖ республикалық конкурсына» белгісімен) нұсқада жіберулеріңізді сұраймыз. Электрондық пошта: zh.bolatova@aues.kz,  анықтама телефоны: 8(727) 323-11-75, ішкі. 6722, whatsapp: 87473678911. Жұмыстарды белгіленген мерзімде конкурсқа ұсынуды сұраймыз.

Конкурсқа жұмыстар «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстар мен ереже» талаптарына сәйкес қабылданады.

ENERGO UNIVERSITY