15.03.2022 Барлық жаңалықтар
«YESSENOV LAUNCH PAD-2022» БАҒДАРЛАМАСЫ
Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамыту бойынша қосымша оқудан өту үшін IT-мамандарға 10 (он) грант беруге жаңа конкурстың ашылғанын жариялайды.
- ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы;
- Қазақстандық ЖОО студенті немесе жұмыс істеп жүрген маманы болсаң;
- Сенің мамандығың – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және / немесе сен Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін маман болсаң;
- Өзіңнің soft және hard skills-інді жақсартқың келсе
Сенің ГРАНТ АЛУҒА және ұзақтығы 12 айға созылатын онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндің бар!
Ол үшін 10.03-22.04.2022 ж. аралығында Қордың сайтында өтінімді толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
- Неліктен саған қосымша дағдылар қажет екенін және ол дағдылар кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін қамтитын мотивациялық хат;
- CV.
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің жетістіктерін және/немесе IT-саласының нақты саласында мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растау: – 3 құжаттан артық емес;
- Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
- Академиялық жетістіктері, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктері, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқанын растайтын сертификаттар – 3 құжаттан артық емес;
- Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
- Диплом ( бар болған жағдайда) (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
- Әлеуметтік белсенділігі және ерікті ретінде атқарған жұмыстары үшін берілген сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.