АЭжБУ студенттері "Желі" дивизионы" бірлестігіне барды

АЭжБУ студенттері


24.03.2022 Барлық жаңалықтар


"Мен "Қазақтелеком"АҚ-ға бару арқылы телекоммуникацияның маңыздылығын түсіндім". АЭжБУ студенттері "Желі" дивизионы" бірлестігіне барды".

"Желі" дивизионы" бірлестігінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттеріне экскурсия өткізілді.

Бұл іс-шара  АЭжБУ "Job trip" жобасы аясында ұйымдастырылды. Студенттерге Сапа жөніндегі дирекцияның Сервис басқармаларының орталығына бару мүмкіндігі берілді.

"Телекоммуникациялар  —  әлемдегі ең серпінді бизнес салаларының бірі; ғылымды дамыту, техникалық жаңалықтарды және инновациялық шешімдерді әзірлеу индустрияны орасан зор жаңғыртуға алып келді. Тиісінше, бүгінгі таңда IT-технологиялар әлеміне мүлдем басқаша қарау және жаңа технологиялар мен кәсіптерді дамыту мен зерттеуді жоспарлау, нақты жұмыс тәжірибесін алу қажет.

"Қазақтелеком" АҚ қызметкерлердің түрлі дағдыларын дамыту бойынша тамаша үлгі болып табылады – бұл soft skills және hard skills. Сондықтан телекоммуникация саласы бойынша болашақ әріптестеріме қазір өз дағдыларын дамытып, жаңа технологияларды үйренуге кеңес беремін",-деп атап өтті ЖББО (желіні басқарудың бірыңғай орталығы) департаментінің 1-деңгейдегі жедел бақылау қызметінің басшысы Рустам Кабиден.

Өз кезегінде студенттер жаңа технологияларға, түрлі жабдықтардың жұмыс істеу принциптеріне белсенді қызығушылық танытты. "Мен "Қазақтелеком"АҚ-ға бару арқылы телекоммуникацияның маңыздылығын түсіндім", мұнда жұмыс істеу үшін терең білім қажет. Өзім үшін дұрыс мамандықты таңдағаныма көзім жетті.  Менің мамандығым "Радиотехника және электроника", осы мамандығым арқылы  жазда өндірістік тәжірибеден өтіп, болашақта осында жұмыс істегім келеді", - деп АЭжБУ 3-курс студенті Акберди Қалдыбаев өз әсерімен бөлісті.

ENERGO UNIVERSITY