«Бұл клуб Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен USAID серіктестігімен құрылды». «Green World Club» халықаралық сарапшылар клубы

«Бұл клуб Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен USAID серіктестігімен құрылды». «Green World Club» халықаралық сарапшылар клубы


29.03.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 29 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Green World Club» халықаралық сарапшылар клубының салтанатты ашылуы өтті. «Мен бүгінгі іс-шарада журналистерді, сарапшылар мен блогерлерді қарсы алуға қуаныштымын! - деді ректор Сауле Сагинтаева. - Бұл клуб Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен USAID серіктестігімен құрылған болатын. Біздің мақсатымыз: жаңартылатын энергетика және экология мәселелерін БАҚ-та кәсіби түрде жариялау үшін сараптамалық білім пулын құру, яғни сарапшылар клубын құру. Бізге журналистермен, сарапшылармен және блогерлермен бірге медиа-кеңістікте жасыл күн тәртібін ілгерілетуді күшейтіп қана қоймай, халық арасында ағарту жұмыстарымен де айналысу керек. АЭжБУ қабырғасында біз жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) туралы қолжетімді және шынайы ақпаратты тарату үшін сарапшылық алаң құрамыз».

Қазақстан мемлекетінің осы бағыттағы саясатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Еділ Жаңбыршин өз сөзінде түсіндірді. «Экология мәселелері жыл сайын маңызды бола түсуде, - деді ол, - өйткені бұл экономиканы, демографияны және жергілікті қауымдастықтардың өмірін қозғайды. Мемлекет басшысы халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға шақырды, бұл тек журналистермен, сарапшылармен және блогерлермен жұмыс арқылы мүмкін болады. Бұдан басқа, Қазақстан Париж келісімін ратификациялады және планетамызды жасыл күйінде сақтайтын міндеттемелерді өзіне алды; біз жоспарлы түрде көмір энергетикасының үлесін төмендетеміз және саладағы ЖЭК үлесін арттырамыз. Бүгін біздің ұрпақ Қазақстанның жасыл болашағы үшін үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан АЭжБУ базасында «Green World Club» халықаралық сараптамалық клубын құру-біздің елімізге пайда әкелетін тамаша жоба».

Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-нің жасыл энергетика саласындағы бірегей құзыреттіліктері туралы Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Алмаз Саухимов өз баяндамасында айтып берді. «Елбасының көрегендігінің арқасында, - деді ол, - Қазақстан жасыл экономика идеяларын жүзеге асырған өңірдегі алғашқы ел болды. 2007 жылғы 25 қыркүйекте Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында жаһандық энергоэкологиялық стратегия әзірлеуді ұсынды. Сол уақыттан бастап біздің университетте жасыл энергетикамен айналыса бастады. ЖЭК дамуын әкімшілік қолдау үшін біз нақты не істедік? 2016 жылы «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасының базасында «Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері» кафедрасы құрылды. 2017 жылы «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» оқу-ғылыми зертханасы ашылды. Бұл үшін АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігіне және біздің университетке көрсеткен қолдауы үшін USAID-ке жеке алғысымызды білдіруіміз керек. Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері кафедрасы елімізде бірегей болып табылады және баламалы энергетика мен энергия үнемдеу технологияларын дамыту саласында үлкен үлес қосып жатқан 60-қа жуық жоғары білікті мамандарды дайындады».

Біліктілікті арттыру институтының (БАИ) директоры Раушан Сатова «Green World Club» халықаралық сарапшылар клубы жұмысының ұйымдастырушылық механизмі туралы айтып берді. «Американдық серіктестер тендерлік жобаны 2021 жылдың тамызында жариялады, - деді ол, - біз жауапкершілікті өз мойнымызға алып, оны толық көлемде жүзеге асыра алатынымызға сенімді болдық, өйткені АЭжБУ бұл үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Біздің өтінішіміз қабылданып, жоба іске қосылғанына қуаныштымыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50 журналист пен блогер 8 семинардан өтеді. Қатысушылардың әрқайсысы жасыл күн тәртібінің алға басуын күшейтетін және ЖЭК мәселелерінде халықты ағартатын 4 мақала жариялайды. БАИ клубтың басқару орталығы болады».

Іс-шара соңында профессор Герман Трофимовтың (Әлем және Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері), профессор Бірлесбек Алияровтың (ҚР Энергетикалық кешені және ЖЭК интеграциясының перспективалары, технологиялық және экологиялық орта), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршиннің (ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетінің жұмысы) баяндамалары мен таныстырылымдары ұсынылды.

 

ENERGO UNIVERSITY