12.04.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессор-оқытушылары 12 -ші сәуір Ғылым күнгі сабақтарын ғылыми семинар, конференция, дөңгелек үстел, кездесулер түрінде ұйымдастырып, студенттерге ғылымның қоғамдық рөлі мен маңызын терең ұғындыруға арнады.
Білімі мен Ғылымын дамыта алмаған елдің болашағы жоқ.
Кез келген ғылыми жұмыстың нәтижесі қоғамның игілігіне бағытталып, адамзаттың тұрмысын жақсартуы тиіс. Техникалық білімге бет бұрған студенттеріміз осы қағиданы мықтап есте сақтағаны абзал дейміз.
Университетіміздің миссиясы энергетика, байланыс т.б. салалар бойынша озық ғылыми-зерттеу орталығы дәрежесіне өсу болып табылады.
Әлеуметтік пәндер кафедрасы шағын ұжымы да бар ғылыми әлеуетін осы бағытқа жұмылдырып ат салысуда. Кафедрамыздың үйлестіруімен өткен 2021 жылдың қорытындысы бойынша:
- 2 халықаралық, 3 республикалық дәрежеде ғылыми-практикалық конференция, форум, конкурстар өткізіп, 4 еңбектер жинағын құрастырдық.
- шетелдік және отандық белгілі ғалымдардың қатысуымен 10 шақты ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырдық.
- Алматы қалалық Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша комиссияның 9 бағыттан тұратын зерттеу топтарының құрамына кафедрамыздың 5 профессор-оқытушылары бар, оның 3 жұмыс тобына жетекшілік жасайды.
- былтыр кафедрамыздың жанынан «Қазақстанның тарихи оқиғаларын зерттеу» лабораториясын аштық...
Бар нәтиже университет ұжымының, шағын кафедрамыздың ауызбіршілігің арқасы.
«Мал, дәулет – ғылыммен табылады» деген бабалардан жеткен сөз бар. Елімізді көркейтетін жол шынайы ғылым. Оның мән-маңызын жастарымыз түсінуі керек.
Барлық әріптестерімізді бүгінгі ерекше мейрам Ғылым күнімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!!!
Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Кабдушев